Аймақтар • 18 Маусым, 2018

Павлодар облысында 200 кәсіпкерге 2,7 млрд теңге көлемінде көмек көрсетілген

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл жайында  облыс орталығында жұмыс сапарымен келген «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Тимур Құлыбаевтың  жергілікті кәсіпкерлермен кездесуі барысында айтылды. 

Павлодар облысында 200 кәсіпкерге 2,7 млрд теңге көлемінде көмек көрсетілген

Облыс әкімі Болат Бақауовтың  айтуынша,  былтыр «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 200 кәсіпкерге жалпы сомасы 2,7 млрд. теңге көлемінде көмек көрсетілді. Кәсіпкерлік нысандарына 2,1 млрд. теңгеге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тартылыпты. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша 1 млрд. 300 миллион теңгеге 200 несие берілген.

Ал, «Бизнес бастау» жобасы бойынша облыста  530 миллион теңгеге мал шаруашылығы саласы, металл өңдеу, жиһаз жасау және былғары бұйымдарды дамыту сияқты  146 жоба қаржыландырылды. Қосымша қаржыландыру нәтижесінде бизнес бастау үшін несие алушылар саны да көбейюде.

Жиында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев елімізде кәсіпкерлікті дамытып, жаңа бизнес-жобаларды қаржыландырудың тетіктерін қарастыру үшін арнайы аймақтық даму картасы әзірленуі тиіс. Кәсіпкерлермен қатар, студенттерге де бизнестік  қыр-сырын үйретудің қажеттілігіне тоқталды. Келесі жылдары мектептерде «Кәсіпкерлік және оның негіздері» пәні оқытыла бастайды.

Облыстық  Кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Байсейітовтің айтуынша, қазір  мемлекеттік серіктестік бағытында 32,1 млрд. теңгені құрайтын 64 жобаның тізімі әзірленген.  

 Жиын барысында жергілікті кәсіпкерлер қажетті мәселелерін ортаға салды.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар облысы