Парламент • 19 Маусым, 2018

Сенаторлар валюталық реттеу туралы заң жобаларын талқылады

45 реткөрсетілді

Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» заң жобасы қаралды.

Заң жобасындағы ережелерде:

- валюталық операцияларды валюталық операциялар туралы ақпараттарды жинақтау рәсімдерін бір мезгілде оңтайландыра отырып мониторингпен қамтуды кеңейту;

- Қазақстан аумағында есеп айырысуларда шетел валютасын қысқарту;

- либералдық валюталық режим қағидаларын сақтау, ол азаматтар мен бизнес субъектілеріне қосымша жүктеме салмай, халықаралық ұйымдардағы интеграциялық бірлестіктер мен мүшеліктер аясында Қазақстан Республикасы қабылдаған халықаралық міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етеді;

- шетелдік ұйымдардың филиалдарын резиденттер ретінде тану. Бұл бағыт жергілікті компаниялар мен шетелдік ұйымдардың филиалдары үшін бизнес жүргізуде тең жағдайды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;

- елден ақшаларды алып шығуға қарсы іс-қимылды күшейту көзделіп отыр.

Банктік емес айырбастау пункттеріне Ұлттық Банк шығарған шағын алтын құймаларын сатып алуға және сатуға құқық беріледі.

Сондай-ақ, «валюталық операциялар» ұғымында валюталық құндылықтарды сенімгерлік басқаруға беру не брокерлік қызметтер көрсету туралы шарт негізінде беру, бейрезидент шығарған электрондық ақшаларды резиденттің сатып алуы мен өтеуі және керісінше жасауы қамтылған.

Отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау, қаржы ұйымдарының қызметін тәуекелге бағдарланған қадағалау, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралды.

Жоба «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» заң жобасының ережелеріне сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске валюталық заңнаманы бұзғаны үшін тұлғаға әкімшілік жауаптылық белгілеу туралы түзету енгізілді.

Капиталды елден шығаруға қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қолдану шеңберінде Салық кодексіне екі жыл ішінде қайтарылмаған (қанағаттандырылмаған) импорт бойынша алдын ала төлеу сомаларын салық салынатын кірістер деп тануды көздейтін түзетулер енгізіледі.

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңға банктік емес айырбастау пункттерін олардың қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты лицензиядан айыру туралы ереже енгізіледі. Капиталды шығаруға қарсы іс-қимыл мақсатында мемлекеттік кіріс органдарына валюталық операциялар бойынша банктік құпияны ашу мүмкіндігі белгіленеді.

Мемлекет басшысының «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында заң жобасымен жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметке байланысты емес ипотекалық қарызының ерекшеліктері белгіленеді.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында Азаматтық кодекске сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін 100 пайызы деңгейінде шектеу бөлігінде қарыз алушы жеке тұлғаларды қорғауға бағытталған түзетулер енгізіледі.

Заң жобасымен депозиттің қосымша түрі – жинақ салымдарын енгізу көзделіп отыр. Бұл жинақтаудың балама құралы, оған инвестиция салу жоғары сыйақы мөлшерлемесін алуды және ұлттық валютадағы өзге де салымдар бойынша мемлекеттік кепілдікті қолданыстағы 10 миллион теңгеге дейінгі кепілдікке қарағанда 15 миллион теңгеге дейін арттыруды көздейді. Бұл ретте салымды талап ету жөнінде банкті 30 күн бұрын хабардар еткен жағдайда салымшының оны мерзімінен бұрын алу құқығы болады. Бұл құрал ұзақ мерзімді жинаққа арналғандықтан, ол мерзімінен бұрын алынған жағдайда сыйақы мөлшері талап еткенге дейінгі салымдар бойынша белгіленген мөлшерлеме бойынша қайта есептеледі.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Азия чемпионына ат мінгізді

Аймақтар • Бүгін, 11:21

Ұқсас жаңалықтар