Бұл жолы мерекеде «Ертіс казактары» халық ансамбілінің орындауындағы әндер шырқалды, «Вольница» ансамблінің керемет билерімен жалғасты. Мерекеге қала тұрғындары, қонақтар жиналды. Өңірдегі Песчаное ауылынан келген «Станица» ансамбілі, Ямышево ауылынан келген «Раздолье», және «Поречье», «Прииртышье», «Воля», «Рябинушка» ансамбльдері казақтардың әндерін шырқап, билерінің түр-түрін билеп берді. «Родничок» балалар ансамблі де үлкендердің жолын жалғастырып өнерлерін ортаға салды.
Облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Жетпісбаев Сейсембай өз құттықтауын білдірді:
- Казактар мәдениетін, өнерлерімен де ерекше. Өңірдегі ұлт аралық келісімді дамытуға үлес қосуда. Этно- мәдени бірлестіктің төрағасы, атаман Серегй Городничевқа алғысымызды білдіреміз, - дейді.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»