Қазақстан • 19 Маусым, 2018

Парламентте балалар денсаулығына қатысты заң жобасы қаралды

628 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңйтілген отырысында «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» заң жобасы қаралды.

Парламентте балалар денсаулығына қатысты заң жобасы қаралды

Заң жобасы баланың құқықтарын қорғауды басым түрде қамтамасыз ету қажеттілігі негізге алына отырып, балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, оның ішінде Қазақстан Республикасы ратификациялаған БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясында бекітілген, халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларына сәйкес әзірленді.

Заң жобасының міндеті балаларды физикалық және психикалық денсаулығына, имандылық, рухани, психикалық, физикалық және әлеуметтік жағынан дамуына зардабын тигізетін ақпараттан, оның ішінде зорлық-зомбылық пен қатыгездікті, порнографияны, қоғамға жат және құқық бұзушылық мінез-құлықты насихаттайтын баспа, аудио- және аудио-бейне өнімдерді, электрондық және компьютерлік ойындарды таратудан қорғаудың ұйымдастырушылық-құқықтық тетіктері мен заңнамалық кепілдіктерін енгізу болып табылады.

Осыған байланысты заң жобасымен:

балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау басымдылығын айқындау;

жас сыныптамасы мен ақпараттық өнімді маркалауды енгізу;

балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпаратты таратуға бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі функциялардың аражігін ажырату;

ақпараттық өнімді маркалауды жүзеге асыратын субъектілерді (меншік иесі және (немесе) таратушы) айқындау жөніндегі шаралар реттеледі.

Сенаторлар одан басқа «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын да қарады.

Негізгі заң жобасының тұжырымдамалық бағыттарын ескере отырып, жеті заңнамалық актіге, оның ішінде Қылмыстық кодекске және Кәсіпкерлік кодексіне, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Мәдениет туралы», «Телерадио хабарларын тарату туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылады.

Бұл түзетулер салааралық сипатқа ие, балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін, Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез-келген тәсілмен ашық таратылатын ақпараттан олардың ақпараттық қауіпсіздігіне байланысты қатынастарды кешенді түрде құқықтық реттеуге арналған.

Қылмыстық кодекс пен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулермен балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін тиісті жауаптылық көзделеді.

Кәсіпкерлік кодексіне, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Мәдениет туралы» және «Телерадио хабарларын тарату туралы» заңдарға қолданыстағы нормаларды негізгі заң жобасының ережелерімен ұштастыруға бағытталған өзгерістер енгізіледі, атап айтқанда фильмдердің жас сыныптамасы енгізіледі, фильмдердің жас санаты белгісін пайдалану регламенттеледі.

Заң жобасы балалардың толыққанды имандылық, рухани, психикалық, физикалық және әлеуметтік жағынан дамуына зардабын тигізетін ақпараттан оларды қорғау саласындағы қазіргі заманғы ақпараттық кеңістік жағдайындағы баланың ақпараттық қауіпсіздікке құқықтарын қамтамасыз етудің тиімді тетіктерін құруға мүмкіндік береді.

Заң жобасы қолданысқа енгізілгеннен кейін балаларды агрессивті, қатыгез, қоғамға жат мінез-құлыққа, құқыққа қайшы әрекеттерге итермелейтін, психикасын зақымдайтын және бұзатын ықпалдар азая түсетін болады.

Заң жобалары Палатаның қарауына жіберілді.