Қазақстан • 21 Маусым, 2018

Ұялы телефондарды СМС арқылы онлайн тіркеуге болады – Дәурен Абаев

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда ұялы телефондарды СМС арқылы онлайн тіркеуге мүмкіндік беріледі, деді Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Қоғамдық кеңес отырысында.

Ұялы телефондарды СМС арқылы онлайн тіркеуге болады – Дәурен Абаев

«Өткен жылы ауылдық елді мекендерді кең жолақты интернетпен қамту жобасы бойынша тыңғылықты жұмыстар жүргізілді. Жобаның мақсаты - 2021 жылға дейін 1 249 елді мекенде тұрып жатқан 2 миллионнан астам тұрғынды жылдам интернетпен қамтамасыз ету. Ағымдағы жылы барлық конкурстық процедуралар жүргізілгеннен кейін 55 ауылдық елді мекенді қамтимыз деп үміттенеміз», - деді министр.

Сонымен қатар Дәурен Абаев ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеуге қатысты да пікір білдірді. Оның айтуынша, өткен жылы бұл бағытта дайындық жұмыстары жүргізіліп, ережесі бекітілген. Халық арасында дүрбелең болмауы үшін министрлік тіркеу процесін барынша жеңілдетіп отыр. Тіпті, азаматтар онлайн режімде және СМС арқылы да ұялы телефонын тіркеуге мүмкіндік алады.