Ұлттық спорт • 03 Шілде, 2018

Астананың 20 жылдығына арналған республикалық «Ұлы Дала рухы» фестивалі өтеді

697 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде Ұлттық спорт түрлерінен Астана қаласының 20 жылдығына арналған республикалық «Ұлы Дала рухы» фестиваліне орайластырылған баспасөз мәслихаты өтті.

 

Астананың 20 жылдығына арналған республикалық «Ұлы Дала рухы» фестивалі өтеді

Республикалық «Ұлы Дала рухы» фестивалі ұлттық спорт түрлерінен ұзақ мерзімге жоспарланған ауқымды жоба екенін айта кеткен жөн. Фес­тивальдің мақсаты – Президент Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» идея­сын жүзеге асыру, ұлттық спорт түр­лерінің қоғамдық сипат алуына, жүйелі дамуына тың серпін беру. Баспасөз мәслихатына Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және денешынықтыру істері комитетінің төр­ағасы Серік Жарасбаев пен Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының пре­зи­денті Бекболат Тілеухан қатысты.

С.Жарасбаев өз сөзінде аталған фес­тивальдің маңызын атап өтті. «Мәдениет және спорт министрлігі Астананың 20 жылдығын мереке­леу аясында біраз ауқымды спорттық ша­ра­ларды қолға алды. «Ұлы Дала ру­­хының» ерекшелігі – фести­валь елі­­міздің барлық өңірін қамтиды. Ас­тана орталық болады, үш айдан соң ақтық жарыстар елордада ұйымдастырылады», деді Серік Марат­ұлы. 

Б.Тілеухан Ұлы Дала рухымен қатар, Астананың туған күніне арнал­ған «Астана кубогы» бәйгесі туралы тілге тиек етті. «Биыл Астана қа­ла­сы­ның 20 жылдығын мерекелеу кең ауқымда қолға алынды. Жыл басында «20 жылдыққа – 20 іс-шара» атты нау­қан бастағанбыз. Осы жоба бойын­ша біраз шара өткіздік. Сондай-ақ Астананың туған күніне «Астана кубогы» ат жарысын жоспарладық. Бұл бәйге екі қашықтық бойынша өтеді. Аламан – 25 шақырым, екінші бәйге – 16 шақырым. Астана кубогын сарапқа салуға республикамыздың барлық облыстары, Астана, Алматы қалаларының атбегілері 2 жүйріктен қоса алады», деді Б. Тілеухан. 

4 шілде күні басталып, 16 қыркүйек күні аяқталатын жастар арасындағы фестивальға республика бойынша 7073 спортшы қатысады. Ұлттық спорт­тың көкпар, бәйге, теңге ілу, ауда­рыспақ, жамбы ату, қазақ күресі, тоғ­ыз­құмалақ, асық ату түрлерінен өте­тін жарыстар командалық тәртіпте жүр­гізіледі. 

Үш айдан астам уақытқа созы­ла­­тын бұл фестиваль II кезеңге бө­лін­ген. I кезең – аймақтық іріктеу жарыстары. Алғашқы кезең бәсекесі төрт аймақта өтеді. 4 шілде күні Қазмедиа орталығында фестивальдің ашылу салтанаты және жеребе тарту рәсімі болады. Осы жеребе бойынша өтетін республикамыздың Оңтүстік, Шығыс, Батыс және Солтүстік аймақ­та­рындағы жарыстардың салтанатты ашы­луы әр мерзімге белгіленген. Атап айтқанда, 13-15 шілде күндері Шым­кент қаласында Оңтүстік аймақ, 27-29 шілде күндері Ақтөбе қа­ла­сында Батыс аймақ, 13-15 тамыз күн­дері Павлодар қаласында Шығыс ай­мақ, 17-19 тамыз күндері Астана қала­сында Солтүстік аймақ жа­рыс­­тарының салтанатты ашылуы өткі­зіледі. 
Сондай-ақ көкпар, қазақ күресі, тоғыз­құмалақ, асық ату спорт түр­лерінің іріктеу бәсекелерін аймақтық өңірлерде, ал ауда­рыс­пақ, жамбыату, теңге, бәйге спорт түр­лерінің ірік­теу бәсекелерін Астанада өт­кізу жос­парланған. Аймақтардағы іріктеу жа­­рыс­тары 31 тамызда мәреге жетеді. Елі­міздегі 14 облыс, 3 қала командала­ры ара­сынан үздік шыққан команда­лар фес­ти­вальдің II кезеңіне өтеді. 

Астана қаласында 11-16 қыркүйек күндері аралығында өтетін ІІ кезеңге 250-ге жуық спортшы қатысады деп кү­ті­луде. Фестивальдің II кезеңіңде жар­тылай финал мен финалдық бәсе­ке­лер тамашаланады.

Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»