Қазақстан • 03 Шілде, 2018

Б. Сағынтаев «Астана 20 жыл» мерейтойлық медальдарын табыстады

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Қазақстан және елорданың қалыптасуы мен дамуына қосқан елеулі үлесі үшін ҚР Президентінің Жарлығымен марапатталғандарға «Астана 20 жыл» мерейтойлық медальдарын табыстады.

Б. Сағынтаев «Астана 20 жыл» мерейтойлық медальдарын табыстады

Марапатталғандардың қатарында: ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А. Мамин, Премьер-Министрдің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Ө. Шөкеев, Премьер-Министрдің орынбасары Е. Досаев, Премьер-Министрдің орынбасары А. Жұмағалиев, сондай-ақ Премьер-Министр Кеңсесінің басшысы Н. Алдабергенов бар.

Мерейтойлық медаль ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаевқа, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Атамқұловқа, сыртқы істер министрі Қ. Әбдірахмановқа, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М. Әбілқасымоваға, әділет министрі М. Бекетаевқа, денсаулық сақтау министрі Е. Біртановқа, энергетика министрі Қ. Бозымбаевқа, қорғаныс министрі С. Жасұзақовқа, қоғамдық даму министрі Д. Кәлетаевқа, инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбекке, ішкі істер министрі Қ. Қасымовқа, мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлына, білім және ғылым министрі Е. Сағадиевке, ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменовке, қаржы министрі Б. Сұлтановқа, сондай-ақ, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы А. Мырзахметовке, «Назарбаев университеті» ДББҰ президенті Ш. Катсуге, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасарлары Е. Бабақұмаров және Т. Сәрсенбаевқа табысталды.

«Астана 20 жыл» медалі ҚР және оның елордасын қалыптастыруға және дамытуға елеулі үлес қосқан қазақстандықтар мен шетел азаматтарын ынталандыру мақсатында әзірленген. Тиісті жарлыққа Мемлекет басшысы 2018 жылдың 17-ші сәуірінде қол қойды.

Соңғы жаңалықтар

Балқарағай – байлық

Аймақтар • Бүгін, 07:42

Ұлылар үндестігі

Қоғам • Бүгін, 07:40

Басымен кірген кітапқа

Әлем • Бүгін, 07:38

Рухани қазына орталығы

Руханият • Бүгін, 07:37

Шынжырланған шығармалар

Әлем • Бүгін, 07:35