Медицина • 03 Шілде, 2018

Маусым айында 8,7 млрд теңгеден астам сақтандыру жарнасы аударылды

209 реткөрсетілді

Бұл туралы Медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі хабарлады. 

Хабарламаға сүйенсек, жүйе іске қосылғалы бері бір жыл ішінде жеке кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер төлеген аударым сомасы 80,6 млрд теңгеден асып жығылған.

Оның 72,1 млрд теңгесі (89,5% жуығы) жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлері үшін жасаған аударымдары болса, қалған 8,5 млрд теңге  (10,5% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан Алматы және Астана қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.

Естеріңізге сала кетсек, жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген. Түскен қаражат МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Қолданыстағы заң бойынша, әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде қызмет көрсету 2020 жылдан басталуы тиіс.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Тойтөбеге  саяхат 

Аймақтар • Бүгін, 09:14

Қарсыласы қарымды

Кәсіпқой бокс • Кеше

Тандыр наннан шеге шықты

Аймақтар • Кеше

«Jastar kerýeni» жолға шығады

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар