Аймақтар • 04 Шілде, 2018

Әрі балық аулады, әрі сыйақы алды

640 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атыраулық жастар балық аула­п жарысты. Облыс орта­лы­ғынан және аудандардан келген жастар екі күн бойы суға қар­мақ салудың құпияларын мең­геріп, сынға түсті. 

Әрі балық аулады, әрі сыйақы алды

Алды­мен мамандар балық аулау ере­же­лері мен қауіпсіздік шарала­рын түсіндірді. Жайық жаға­сына ертемен жиналған жас ба­лықшылардың бәрі де олжа­дан үмітті. Алғашқы балық Досбол Әділовтің қармағына түсті. Жа­рыс­та қатысушылардың құр қар­мақ салып қарап отырмай, жем­ді дұрыс таңдауларына, епті­ліктеріне, аулаған балық­тары­­ның көлемі мен салмағына да назар аударылды. Нәтижесінде, ең салмағы ауыр балық аулаған Жеткіншек Құлтеміров бірінші орынды жеңіп алып, 80 мың теңге көлеміндегі сыйақыға ие болды. Асылбек Сырымов екінші, Досбол Әділов үшінші жүлдені иеленді. Басқа да қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды.

– Жаз мезгілінде жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалануларына арнап түрлі шаралар жоспарладық, – дейді жарысты ұйым­дас­тырушы, қалалық жас­тар ре­сурстық орталығының бас­­­­­шы­сы Серік Қадыров. – Жа­йық жаға­сында өскен жігіт­тер­дің балық аулауға деген қызы­ғу­­шы­лықтары жоғары. Осын­дай байқаулар арқылы жастар шың­далады, жаңа достар табады, танымдарын кеңей­теді. Балық­шы­лар байқауы алда тағы да болады.

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ

Соңғы жаңалықтар

Мүмкіндігі мол «smartlook»

Технология • Бүгін, 08:12

Ертеңгі күннің жобасы

Экономика • Бүгін, 08:02

Салаға арналған сан алуан өнім

Экономика • Бүгін, 08:01

Тоғанда тұқы өсіреді

Аймақтар • Бүгін, 07:50