![Б.Сағынтаев Татарстан президентімен инвестициялық ынтымақтастықтың келешегін талқылады](/article_photo/1530682953_article_b.jpeg)
Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері және инвестициялық өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту жоспарлары, сондай-ақ транзиттік-көлік саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру келешегі талқыланды.
Бұдан өзге, кездесу қатысушылары білім беру және өнеркәсіп салаларындағы өзара іс-қимыл бағыттарын қарады. Б.Сағынтаев Қазақстанға Татарстанның цифрлық сервистік қызметтерді енгізу мен ақпараттық технологияларды дамытудағы тәжірибесі қызығушылық тудыратынын мәлімдеді.
Өз кезегінде, Татарстан президенті Рустам Минниханов Қазақстан мен Татарстанның экономиканың түрлі салаларындағы тиімді ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті.