Аймақтар • 04 Шілде, 2018

Айтыскер Қалихан Алтынбаев ұстаған домбыра Жарма ауданына сыйға берілді

167 реткөрсетілді

Алматыдағы М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының абайтану және әдебиет тарихы бөлімінің меңгерушісі, зерттеуші Серікқазы Қорабай «Ұлттық домбыра күнінде» туған мекені – Жарма ауданына құнды жәдігерді тарту етті. 

Ғалым аудандық Мәдениет үйіне қазақтың көрнекті айтыскер ақыны, өлкетанушы, шежіреші, журналист Қалихан Алтынбаев талай айтыста қолына ұстаған домбыраны тапсырды. 

«Өскемендегі Жамбыл атындағы мектеп-интернатты 1974 жылы бітірген кезде бұрынғы Шар аудандық газетінің бас редакторы Мерген Тұраров мені қызметке шақырды. «Биыл мектепті бітіреді екенсің. Бір орын саған дайын» деді. Ол кезде тіпті КазГУ-ді бітірген журналистердің өзіне орын табылмайтын. Кейін осы аудандық газетте жұмыс істедім. Ауыл-ауылдарды аралап мақала жаздым. Сол кезде Қалихан Алтынбаев ағамыз Көкпекті аудандық «Жұлдыз» газетінің редакторының орынбасары қызметін атқарды. Бір күні ол кісі маған: «Жазуың жақсы. Өзің біздің жақтың баласы екенсің. Талабыңа нұр жаусын. Қолдаймын»  деп хат жазыпты. Жас балаға үлкен мәртебе ғой бұл. Сосын ағамен үнемі хат жазысып жүрдік. Бір хаты – бір тарих еді. Ал домбыраға келсек, 1990 жылы жазда Алматыда Әуезов атындағы театрда Қазақ КСР-нің құрылғанының 70 жылдығына орай үлкен айтыс өтті. Айтыстан соң ақын біздің үйде қонақта болды. Сол жолы жан серігі – өзінің ұстаған домбырасын маған ескерткіш ретінде сыйға тартты. Домбыраны 28 жыл үйімде сақтадым. Жарма ауданының 90 жылдығы қарсаңында және «Ұлттық домбыра күні» мерекесіне орай дара тұлғаның алақанының табы қалған құнды жәдігерді туған жеріне сыйға тартуды жөн көрдім. Жастарға үлгі болсын, айтыскердің жолын жас ұрпақтарға берсін деген ниетпен әкелдім», дейді С.Қорабай.

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Аманжол Дауытов ақын ұстаған домбыра жақында аудандық музейге қойылатынын айтады.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы,

Жарма ауданы,

Қалбатау ауылы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Жастар белсенділігі жоғары

Қазақстан • Бүгін, 10:37

Тиімді үнқатысу үзілмейді

Қазақстан • Бүгін, 10:34

«Хат қоржын» (18.06.2019)

Қазақстан • Бүгін, 10:24

Іске сәт, жас маман!

Қазақстан • Бүгін, 10:22

Күнә – иесін қорлайды

Қоғам • Бүгін, 10:16

Жасампаз дәуірдің жарқын сәті

Президент • Бүгін, 10:12

Жарқын болашақ жолында

Президент • Бүгін, 09:54

Жүйелі жұмыс нәтижеге бастайды

Аймақтар • Бүгін, 09:42

Бір үзім нан

Қоғам • Бүгін, 09:21

Нарынның Нариманы

Аймақтар • Бүгін, 09:19

Суретшілер Таразда бас қосты

Аймақтар • Бүгін, 09:17

Сахнаның сәні – «SAMGAU»

Руханият • Бүгін, 09:16

Құттықтаулар жалғасуда

Президент • Бүгін, 09:06

Таралым аз, жарнама жеткіліксіз

Руханият • Бүгін, 09:02

Ұқсас жаңалықтар