Медицина • 04 Шілде, 2018

Курчатов қаласына Бауыржан Момышұлының келіні келді

887 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Курчатовта Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Рухани жаңғыру» жобасына орай қала әкімі Алмас Оңдақановтың  ұсынысымен  Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова Алматыдан арнайы келді. Курчатовта Зейнеп апамен кездесуге келген халықтың санында шек болмады. Бір қарағанда, халық саны аз  болып көрінетін қала туған тіл мен дінге, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпқа деген сағынышын, ең бастысы Зейнеп Ахметоваға деген ыстық ықыласын бірден аңғартты. Кеш «Бабамнан қалған мұра ізеттілік,арымды қойғам соған күзеттіріп» деп аталды.

Курчатов қаласына Бауыржан Момышұлының келіні келді

Қазақ деген ұлы халық, басынан небір зобалаң заман өтсе де, осы тәуелсіздікке қол жеткізіп, өзін өзі сақтап қалған халық, текті ел, қастерлі жердің иелері,-деді Зейнеп апа,-Елбасы айтып отырған «Рухани жаңғыру» дегеніміз бұл бір-екі әншінің тыңдап, билеп қайту емес, ұлтымыздың салт-дәстүрін халыққа жеткізу, кішкентай балаларды, мектеп оқушыларын тәрбиелеу, сананы жаңғырту болып табылады.

Жиын барысында қала əкімі Алмас Оңдақанов алыстан ат арылтып келген мейманға ат мінгізді. Курчатов қаласының халқы атынан шапан жауып, сый-сыяпат көрсетті.

– Зейнеп Ахметова керемет жан екен, сабырлы әрі салмақты, атасы Бауыржан Момышұлы естеліктері бізге естелік болып қалды, - деді осы шараны ұйымдастырушы Курчатов қалалық мәдениет бөлімінің басшысы Алтынай Сүлейменова.

Бұдан соң Зейнеп Ахметова Курчатовтағы 3514 Әскери бөлімінде болды. Әскери бөлімнің командирі Ақылжан Ақылбеков батырдың келінін құрметпен қарсы алып, сарбаздармен жүздестірді. Зейнеп Ахметова осында әскери борышын атқарушы әр сарбаздың қал-жағдайын сұрап, олармен Отанды қорғаудың маңыздылығы жайлы әңгімелесті. Содан кейін «Мәңгілік алау» басына гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Курчатов қаласындағы «Даңқ аллеясын» ақсақалдар кеңесінің төрағасы Шахмұрат Төлеутаевпен бірге ашып, тұсаукесер рәсімін жасады.

Курчатовтағы Ұлттық Ядролық Орталықтың музейін тамашалаған Зейнеп Ахметова апамызды бұл жерде де құрметпен қарсы алып, сый-сыяпат, жөн-жоралғысын жасады. Семей ядролық сынақ полигонын басқару тетігін көріп, сынақтардан зардап шеккендер жайлы деректі көрмені тамашалады. Зейнеп Ахметованың келесі сапары Абай ауданында жалғасты. Бұдан кейін ол Алаштың рухани астанасы Семей қаласына сапар шекпек.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА

 Сурет автордікі

Шығыс Қазақстан облысы

Курчатов қаласы

Соңғы жаңалықтар

Мүмкіндігі мол «smartlook»

Технология • Бүгін, 08:12

Ертеңгі күннің жобасы

Экономика • Бүгін, 08:02

Салаға арналған сан алуан өнім

Экономика • Бүгін, 08:01

Тоғанда тұқы өсіреді

Аймақтар • Бүгін, 07:50