Аймақтар • 04 Шілде, 2018

Алматыда қаржы журналистикасы бойынша БЖЗҚ жазғы мектебі ұйымдастырылады

450 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«БЖЗҚ» АҚ қаржы журналистикасы бойынша БАҚ өкілдері үшін үшінші рет оқыту бағдарламасын жүзеге асырмақ. Зейнетақымен қамсыздандыру саласын қамтитын бұл бағдарламаның басты тақырыбы: «ҚР жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл: қорытындылар және даму келешегі».

Алматыда қаржы журналистикасы бойынша БЖЗҚ жазғы мектебі ұйымдастырылады

Жазғы журналистика мектебі – бұл сертификаттаушы бағдарлама. Ол мерзімді басылымдар, радио, телеарналар және онлайн жүзіндегі бұқаралық ақпарат құралдарына сапалы журналистік материалдар дайындау үшін негізгі құралдармен жұмыс істеу дағдысын дамытады. Сонымен қатар Жазғы мектеп өзара білім және тәжірибе алмасуға, сондай-ақ БЖЗҚ мамандарынан тікелей ақпарат алуға мүмкіндік беретін бірегей тұғырнама.

Жазғы мектептің мақсаты:

– білім алуға, өзара тәжірибе алмасуға, сондай-ақ, журналистер мен блогерлердің кәсіби тұрғыда бірлесе әрекет жасауына мүмкіндік беретін орта жасау;

– зейнетақымен қамсыздандыру саласы бойынша журналистердің біліктілігін дамыту;

– жоғары сапалы талдамалық материал дайындайтын журналистердің зейнетақымен қамсыздандыру саласы бойынша құзыретін арттыру.

Биылғы оқыту модульдері зейнетақы құқығын қалыптастыру және жүзеге асыруды, қолданыстағы электрондық қызметтердің қалай жұмыс істейтіндігін көрсетуді, әлем елдерінің жинақтаушы зейнетақы жүйесімен танысуды, болашақ зейнетақыны жоспарлау және есептеу тақырыптарын қамтиды.

Жазғы мектеп шарасы «БЖЗҚ» АҚ Алматы қаласындағы филиалында 13 шілде күні орыс тілінде және 16 шілде күні қазақ тілінде өткізіледі. Сарапшы ретінде Қордың және Ұлттық Банктің мамандары қатысады. Олар Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер, зейнетақы құқығын қалыптастыру және жүзеге асыру мәселелері және халықаралық зейнетақы жүйелерінің модельдері туралы әңгімелейтін болады.Бұдан басқа, «Болашақ зейнетақыны қалай жоспарлауға болады?» деген тақырыпта шеберлік сыныбы өткізіледі.

Қатысушылар Қордың көрсететін қызметтері және өңірлік желісінің жұмыстарымен танысады. Сондай-ақ, сарапшылардан өздеріне керекті сауалдардың жауабын табады.

Дайындаған Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан» 

АЛМАТЫ