Күрес • 04 Шілде, 2018

Семейліктер «Қазақстан барысы-2018» жүлдегерлерін қарсы алды

438 реткөрсетілді

Семейліктер бүгін теміржол вокзалында «Қазақстан барысы-2018» сайысының жүлдегерлері Ерасыл Қажыбаев пен Айбек Нұғымаровты қарсы алды. Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов, «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Нұрлан Қашағановтармен бірге қала халқы, балуандардың туған-туыстары құшақ-құшақ гүл әкеліп, шашу шашты. 

Айта кету керек, «Қазақстан барысы-2018» белдесуінің финалында  Ержан Шынкеев «Әскер Барысы» Ерасыл Қажыбаевты азғантай ұпай санымен ұтып, бас жүлде иегері атанған еді. Әскер барысы Ерасыл Қажыбаев күміс белбеудің, Айбек Нұғымаров қола белбеудің иегері болды. Екінші және үшінші орынға сәйкесінше күміс және қола белбеу тапсырылды. ІІІ орын алған балуанға 1,8 млн теңге, ал оның бапкеріне 900 мың теңге табысталды. Ал ІІ орын үшін 5,5 миллион теңге, оның бапкеріне 1,8 млн теңге берілді.

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен «Қазақстан барысы» осымен 8-рет өтіп отыр. Еліміз бойынша 37 балуан қатысса, оның 8-і біздің семейліктер болғаны қуантады, – деді қала әкімі Ермак Сәлімов, –  елге үлгі болатын осындай спортшыларымыздың қатары арта берсін! Ел намысын көтеріп, Айбектің жолын жалғап жүрген Ерасыл бауырымызға үлкен рахмет, табыстар тілейміз. «Әскер барысы» да болды, қызметін абыроймен атқарды, міне біздің семейліктер 8 жыл бойы екі алтын, екі күміс, төрт қола жүлдеге ие болып отыр, бұл үлкен жетістік. Жеңіс құтты болсын, халқым!

– «Қазақстан барысына» осымен 8-рет қатысып отырмыз, – деді даңқты балуан Айбек Нұғымаров, – 8 жылдың ішінде мен тиісінше жүлделі орындардан көрініп жүрдім. Қала басшысы Ермак Сәлімовке және Ерасыл Қажыбаев қызмет ететін «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Нұрлан Қашағановқа осындай қолдаулары үшін үлкен рахмет! Жылдан жылға «Қазақстан барысының» беделі артып келеді. Жастардың да қызығушылығы бар. Биыл Ерасылдың осындай жетістікке жетуі мені қатты қуантты.

– Бір жыл бойы дайындалып келдім, ойлағаным алтын еді, бұйырғаны осы болды. Бірінші рет қатысып тұрмын. Алтын алғанша қатысамын, жанталасамын. Алматы қаласындағы ЦСКА-да әскери салада қызмет етемін. Биыл «Әскер барысына» қатысып, содан жолдама алдым. Бірінші белдесуімде Руслан Әбдіразақовпен шықтым. Ол да мықты балуан. Өзім Бородулиха ауданында тудым, Бесқарағай ауданында өстім, Семейде оқып, білім алдым, – деді Ерасыл Қажыбаев.

Ерасыл Қажыбаев қызмет ететін «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Нұрлан Қашағанов жеңімпазға «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығының медалін табыстады.

Ерасылдың бапкері Ержан Бейсенбайұлы жарыстың жоғары деңгейде өткенін айтып, үшінші белдесуде қолынан жарақат алмағанда алтыннан үмітті екенін жеткізді.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА

Суреттер автордікі.

СЕМЕЙ

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Тойтөбеге  саяхат 

Аймақтар • Бүгін, 09:14

Қарсыласы қарымды

Кәсіпқой бокс • Кеше

Тандыр наннан шеге шықты

Аймақтар • Кеше

«Jastar kerýeni» жолға шығады

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар