Аймақтар • 04 Шілде, 2018

Қызылордада сұранысқа ие мамандықтар оқытылады

758 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласында Қызылорда облысының әкімдігі мен ЕуразЭО Парламентаралық Ассамблеясы жанындағы университет арасында әріптестік туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Қызылордада сұранысқа ие мамандықтар оқытылады

Кездесу аясында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев аймақта жоғары сұранысқа ие мамандықтар бойынша студенттерді оқытып, жұмыспен қамту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.

«Ұлттық бірыңғай тестілеудің орташа баллы бойынша біздің облысымыз қазір үздік 5 аймақтың қатарында, ал 5 жыл бұрын соңғы 16-шы орында болатын. Ресейдің жетекші техникалық университеттерімен тығыз байланыс орнатудың арқасында бүгінгі күні 452 мектеп бітірушіміз Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларда үзік жоғары оқу орындарында білім алуда. Биыл студенттердің алғашқы легі диплом алады, олардың жұмысқа орналасу мәселесін біз алдын-ала пысықтап жатырмыз», - деді облыс басшысы.

ЕуразЭО Парламентаралық Ассамблеясы жанындағы университет құрамында 3 институт, 4 факультет пен 17 кафедра бар. Мұнда «Бизнес-информатика», «Юриспруденция», «Сервис», «Туризм», «Экономика», «Менеджмент», «Кеден ісі», «Жарнама және жұртшылықпен байланыс», «Конфликтология», «Дизайн», «Қолданбалы көркемөнер және ұлттық кәсіпшілік», «Сауда ісі», «Психология» сияқты мамандықтар оқытылады.

«Қызылорда облысы алғашқылардың бірі болып кадрларды дайындау саласында әріптестік орнату бойынша ұсынысымызға келіскеніне өте қуаныштымыз. Қазіргі таңда мамандарды даярлау мәселесінде жеке көзқарас тиімді. Биыл университетімізде қосылған жаңа бағыттарының бірі – бизнес-информатика. Бұл мамандық аясында студенттер цифрлық экономика дамыған заманда өзекті салаларының бірі – блокчейн мен криптовалюталарды зерттейтін болады», - деді университет ректоры Ерлан Ысқақов.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»                                 

Қызылорда облысы