Президент • 05 Шілде, 2018

Мемлекет басшылары Елбасына ізгі тілектерін жолдады

29 реткөрсетілді

Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Алиев Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанның қол жеткізген жетістіктерін атап көрсете келіп, Мемлекет басшысын туған күнімен құттықтады.

«Мемлекеттілікті нығайту, елдің әлеуметтік-экономикалық жоғарылауы, оның беделінің күн өткен сайын артуы Сіздің көшбасшылығыңыздың, дана да көреген саясатыңыздың нәтижесінде мүмкін болды.

Сіздің елдеріміздің арасын­дағы қарым-қатынасты дамыту мен нығайтуға қосқан үлесіңіз өлшеусіз. Стратегиялық сипатқа ие Әзербайжан-Қазақстан достығы мен ынтымақтастығы алдағы уақытта да біздің халықтарымыздың мүддесіне қызмет ететініне сенімдімін», делінген жеделхатта.  

*  *  *

 Украина Президенті Петр Порошенко Нұрсұлтан Назарбаевқа денсаулық, күш-жігер мен жаңа жетістіктер, ал Қазақстан халқына өсіп-өркендеу тілейді.

«Украина мен Қазақстан арасындағы достық және әріптестік қарым-қатынас­тар, сондай-ақ біздің азаматтары­мыздың арасындағы ізгі ниетті байланыстар екі елдің әрі қарай да өсіп-өркендеуі мен өзара тиімді ынтымақтастығына негіз болады», делінген жеделхатта.   

*  *  *

Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинян өзінің құттықтауында достық қарым-қатынас пен өзара құрмет арнасындағы бірлескен күш-жігер Армения-Қазақстан қарым-қатынасын өрістетуге оң ықпал ететініне сенім білдіреді.

«Сіздің Мемлекет басшысы лауазымындағы экономиканы дамыту мен Қазақстан­ның халықаралық аренадағы беделін нығайтуға бағытталған қызметіңіз Өзіңіз жүргізіп келе жатқан орнықты бағдар нәти­жесінде мемлекеттік құры­лыс тұрғысынан өзіндік қол­таңбаңызды айшықтайды», делінген жеделхатта.

*  *  *

Мәскеу мен Бүкіл Ресей Патриархы Кирилл өзінің құттықтау хатында Мемлекет басшысының басшылығымен жүзеге асырылып, Қазақстан­ның өсіп-өркендеуіне бағыт­талған бірқатар айтулы әлеу­меттік және экономикалық жобаларды атап өтеді.

«Көп жыл бойы Қазақ­стан­ның көшбасшысы бола отырып, Сіз өзіңізді сол жылдар бедерінде салмақты да дәйекті шешім қабылдайтын талантты басшы ретінде көрсеттіңіз. Сіздің бастамаларыңыздың табыс­тылығына бүгінде Респуб­ликаның игілігіне айналған берік дінаралық келісім мен ұлтаралық түсіністік қызмет етіп отыр», делінген жеделхатта.      

 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Цифрлы фермалар көбейеді

Қазақстан • Бүгін, 10:03

Ұқсас жаңалықтар