Қазақстан • 05 Шілде, 2018

«Алтын адам» – Астана төрінде

497 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Алтын адам» – Астана төрінде

«Атырау Астананы құттық­тайды». Ұлттық академиялық кітапханада осындай атаумен көрме ашылды. Аста­наның 20 жылдығына, Атыраудың 80 жылдығына, Ұлттық домбыра күніне арналған көрмеге өңірдегі музейлер мен кітап­ха­налардағы ең құнды жәді­гер­лер қойылды. Олар­дың ара­сында «Алтын адам» мен дом­быра коллекциясы да бар. 200-ге жуық тарихи-этно­гра­фиялық, археоло­гиялық жәдігерлер астаналықтар мен қа­ла қонақтарының назарына­ ұсынылды. Атыраудан шық­­қан ақын-жазушылардың кі­тап­тары да көрмеден орын­ ­ал­ған. Ортағасырлық Са­­рай­­шық қалашығының орнынан та­был­ған құнды дү­ние­­лерге қы­­зығушылық та­нытқандар қа­тары көп болды.

Шара аясында «Домбыра-дас­­тан» кітабының тұсау­­ке­се­рі өтті. Айта кетейік, Аты­рау облыстық тарихи-өл­ке­­та­ну му­зейінде қазақтың бел­гілі өнер қайраткерлерінің дом­­бы­ра­лары сақтаулы. Бұл кітап­та му­зей қорындағы сол ас­пап­тар жайында деректер топ­тасты­рылған.

Мемлекет басшысы бекіт­кен Ұлттық домбыра күні­нің құр­метіне орай жергілікті өнер­паздар Құрманғазы мен Ди­наның күйлерін тартып, шараның мәнін арттырды.

– Бұл көрме Атырау об­лы­­сының бай мұрасы туралы то­­лық мәлімет берді. Бел­гі­­лі ақын-жазушылардың, дом­­­­­бы­рашылардың шы­ғар­­ма­шы­­лықтарымен таныстық. Әрине бір көрме арқылы ай­мақ­­тың бар байлы­ғын көр­сету қиын, алайда Ал­тын адам, домбыра коллекция­сы, керемет кітаптар сияқты негіз­гі жәдігерлер өңір туралы ше­жі­релі сыр шер­теді, дейді Ар­­дагерлер ұйы­мы орталық кеңесі төраға­сы­ның орынбасары Өмір­зақ Озғанбай.

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ