05 Шілде, 2018

Елорданың ертеңі еңселі - Анар РЗАЕВ

510 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осыдан 20 жыл бұрын Астана қаласының халықаралық таныстырылу рәсіміне қатысуға мүмкіндік алдым. Құрметті меймандармен бірге Әзербайжан делегациясы бауырлас қазақ елінің қуанышын бөліскен едік.

Елорданың ертеңі еңселі - Анар РЗАЕВ

Ол кезде шаһар енді ғана салынып жатқан, яғни қазіргі заманауи келбеті қалыптаспаған болатын. Әйтсе де, сол кездің өзін­де-ақ Сарыарқаның төсінде орын тепкен қаланың болашағы жарқын екенін анық байқадық. Өйткені халықтың ыстық ықы­ласы, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамалары бізді бұған сенімді етті.

Қазіргі таңда Астана әлемдегі ең әдемі қалалардың біріне айналып, халықаралық аренада өзінің беделін биіктетіп үлгерді. Шаһардың көркі, зәулім ғи­мараттары таңғалдырады. Осын­ша қысқа мерзімде елорда салу кез келгеннің қолынан ке­­ле­т­ін шаруа емес. Батыстың за­ма­науи қа­лалары қазіргі кел­бе­ті­не жету үшін жүздеген жылдар жұм­са­ды. Ал Қазақстан айнал­дыр­ған жиырма жылдың ішінде әлем мойындаған алып шаһар салып үлгерді.

Әзербайжан халқы атынан бау­ырлас қазақ елін мерейлі ме­реке – Астана қаласының 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Ел­де­ріңіз дамып, қалаларыңыз көр­кейіп, тәуелсіздіктеріңіз нығая бер­сін!

Анар РЗАЕВ,

Әзербайжан жазушылар одағының басшысы