Қазақстан • 05 Шілде, 2018

Нұрсұлтан Назарбаев АХҚО-ның жұмысына сәттілік тіледі

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының ресми ашылу рәсімінде оның қызметіне сәттілік тіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев АХҚО-ның жұмысына сәттілік тіледі

 «Қазақстанды көркейту және еліміздің стратегиялық мақсатына жету жолында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Экономиканы индустрияландыру, әртараптандыру белсенді жүргізілуде. Мемлекеттің үшінші жаңғыру бастамасы цифрландыру бағдарламасымен жүзеге асырылуда. Осы орайда «Астана» халықаралық қаржы орталығы - негізгі реформалар мен өзгерістердің маңызды буыны. Оның қызметіне сәттілік тілеймін. Бас қаламыз Астананың 20 жылдық мерейтойы құтты болсын! Баршаларыңызға зор денсаулық, табыс тілеймін!», деді Елбасы.

Қаржы орталығының ресми ашылуы Astana Finance Days форумының негізінде өтіп жатыр. Салтанатты шараға Әбу Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мұхаммед бен Заид әл Нахаян, ірі халықаралық компаниялардың басшылары, ғылыми орта мен сарапшылық орталықтардың сарапшылары келді.

«Астана» халықаралық қаржы орталығын құру туралы Конституциялық заңға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылғы желтоқсанда қол қойған болатын.