Әлем • 05 Шілде, 2018

Сооронбай Жээнбеков қазақстандықтарды Астананың мерейтойымен құттықтады

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Сооронбай Жээнбеков қазақстандықтарды Астананың мерейтойымен құттықтады

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков қазақстандықтарды Астананың мерейтойымен құттықтады. «Астана - бауырлас мемлекетіміздің саяси және экономикалық табыстар қаласы. Астананың қалыптасуы тәуелсіз Қазақстанның ажырамас бөлігі», деп атап өтті қырғыз Президенті. Өзінің бейне құттықтауында Жээнбеков мырза Қазақстан халқына молшылық, әрі қарай гүлденуін және бейбітшілік тіледі.