Қаржы • 05 Шілде, 2018

Елбасы гонг соғу арқылы АХҚО қызметін іске қосты

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының ресми қызметін арнайы гонг соғу арқылы іске қосты.

Елбасы гонг соғу арқылы АХҚО қызметін іске қосты

«Ұзақ уақыт күткен сәттің туындауымен құттықтаймын және осыдан бастап біздің Астана Халықаралық қаржы орталығымыз қызметіне кірісті. Осы жерде отырған барлық орталық қатысушыларына, уақытын бөліп келіп отырған қымбатты қонақтарымызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Біздің елімізге небәрі - 27 жыл. Бұл тарих үшін қас-қағым сәт. Дегенмен, біздің халқымыз болашақ гүлдену жолында үлкен қадам жасады деп ойлаймын. «Астана» халықаралық қаржы орталығы да осы мақсатқа қызмет ететіндігіне үміт артамыз. Біз өз тарапымыздан орталықтың жұмысы барлығына қанағаттанушылық сыйлайтындай, бизнеске пайда әкелетіндей және Қазақстан одан мол пайда алатындай жасайтын боламыз», деді Елбасы.