Аймақтар • 05 Шілде, 2018

Қызылордадағы емханалар Ашық есік күнін өткізді

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорданың мерейтойы құрметіне Қызылордадағы емханалар Ашық есік күнін өткізді.

Қызылордадағы емханалар Ашық есік күнін өткізді

Оның тиімді жағы жанына дәру іздеген науқас алдын ала тіркеусіз-ақ өзіне ыңғайлы уақытта медицина орталықтарының қызметіне жүгіне алады.Қаладағы №2 емхана бас дәрігерінің орынбасары Сағидолла Рысалдиев аздаған уақыттың ішінде жүздеген адамның ем алуға жазылғанын айтады.

Қала тұрғындары да разы. Олар өздері тіркелген емханаға барып уақыт жоғалтпай, жақын маңдағы медицина орталықтарына барып ем-дом алып жатыр. Әрине, ешкімге медициналық көмек бұған дейін нашар көрсетіліп келді деген ұғым тумайды. Бәрі ретімен жүріп жатыр.

Астана мерейтойы - бүкілхалықтық мейрам. Қазақстанның кіндік қаласы бүгінде әлем санасатындай мәртебелі шаһарға айналды. Өмір бақи бір-бірімен бітіспестей болып, ердің артқы қасын сұраған мемлекеттер ортақ диалогты Астана төрінен тапты. Бітімге келді. Жер атты планетаға ізгілік шуағын сезіп отырған қазақтың Ақордасына құрмет барлық салада көрсетуге тиіс.

Қызылордалық ақ халатты абзал жандардың ел Астанасы мерейтойына үлесі бір аптаға созылады.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

 Қызылорда облысы