Қазақстан • 05 Шілде, 2018

Сенатор кенді аймақта жұмысшылармен кездесті

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аймақтарға сапар аясында Парламент Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Рысқали Әбдікеров Қарағанды облысындағы Қаражал-Жәйрем аймағының тыныс-тіршілігімен танысып, бірнеше кәсіпорындарды аралады.

Сенатор кенді аймақта жұмысшылармен кездесті

Депутат «Қаражал қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мекемесінде, №5 жалпы білім беру мектебінде, су қоймасында, «Өркен-Атасу» өкілдігінің «Өркен» мекемесінде болып, еңбек ұжымдарымен кездесті. «Өркен» мекемесіндегі кездесулер барысында  кәсіпорынның жұмысымен танысып, өндірілетін кеннің қоры және оны игеру, жұмысшылардың еңбекақы мәселелері туралы сөз болды.

Сенатор сондай-ақ Қаражал қалалық мәслихат депуттатарымен аймақтағы мекеме басшыларымен, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен де кездесіп, Елбасының бес әлеуметтік бастамасының маңызын жан-жақты түсіндірді. 7-20-25 бағдарламасы мен білім гранттары, студенттерді жатақханамен қамтамыз ету жайында да әңгіме болды.

- Жаңаарқа ауданы бойынша мектеп түлектерінің 80 пайызы техникалық мамандықтарға құжат тапсырды. Олар алдағы күндерде Қаражал-Жәйрем аймағындағы фабрикаларына жұмысқа орналасып, жұмыссыздық азаяды деп ойлаймын, - деді сенатор. Ол сондай-ақ аймақта атқарылып жатқан игі істерге тоқталып, еңбеккерлердің қажырлы қызметіне ризашылығын білдірді.

Сенат депутаты Р.Әбдікеров Қаражал қаласының әкімі Т.Досаевпен бірге өңірдегі алып кәсіпорын «Жәйрем кен-байыту комбинаты» акционерлік қоғамда болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Сенатор кәсіпорын басшылығымен және жұмысшылармен кездесу барысында олардың еңбектерінің табысты болуына тілектестігін білдірді.