Қазақстан • 05 Шілде, 2018

Шымкентте жеткіншекті зорлады деп айыпталған күдікті екі айға қамалды

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте бала зорлады деп айыпталған күдікті екі айға уақытша тергеу абақтысына қамалды, деп хабарлайды Еңбекші аудандық сотының үйлестіруші судьясы Данияр Мадемаров.

Шымкентте жеткіншекті зорлады деп айыпталған күдікті екі айға қамалды

Судьяның сөзінше, 1985 жылы туған күдіктіні қамауға алу туралы санкция берілген. «Күдіктінің үстінен Қылмыстық Кодекстің 121-бабы 4-бөлігімен ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") іс қозғалды. Оны екі айға қамауға алу туралы санкция берілді. Сот жабық өтті»,- дейді Данияр Мадемаров.

Еске салайық, екі күн бұрын қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде белгісіз ер адамның кәмелетке толмаған балаға зорлық жасаған әрекеті әлеуметтік желіге тараған.

Қазіргі таңда осы бейнетүсірілім бойынша сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.