Қазақстан • 06 Шілде, 2018

«Қазақ елі» алаңындағы гала-концертке балалар кіргізілмейді

471 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астана қаласының Ішкі істер департаменті елорданың 20 жылдығына арналған салтанатты іс-шаралардың аясында 16 жасқа толмаған азаматтарды «Қазақ елі» монументінің алаңында өтетін гала-концертке бармауды, кішкентай сәбилері бар ата-аналарды сол концертке балаларын ертіп келмеуін сұрайды. Бұл туралы әкімдік сайты хабарлайды.


«Қазақ елі» алаңындағы гала-концертке балалар кіргізілмейді

Жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тәртіпсіздікке жол бермеу мақсатында жоғарыда аталған санатқа жататын азаматтар гала-концерт өтетін аумаққа кіргізілмейтін болады. Сондай-ақ, көліктердің көптеп жиналуын, кептелістерді болдырмау үшін Астана қаласының ІІД азаматтарға қоғамдық көлікте жүруге кеңес береді. Гала-концерт көрермендерін елорда әкімдігінің ұйымдастыруымен арнайы автобустар белгіленген орынға жеткізетін болады.

Қоғамдық көліктер мына нысандарға аялдайды

: 1)«Жастар» сарайы (Республика даңғылынан)

2)«Қазақстан» спорт сарайы (Қажымұқан көшесінен)

3)Елорда циркінің Қорғалжын тас жолы көшесіндегі тұрағы

4) Достық көшесіндегі «Нұр Астана» мешітінің тұрағы

Жол ақысы - 90 теңге, жол жүру билеттері - жарамсыз.

Сонымен қатар, «Қазақ Елі» монументі алаңының ауданына қызмет көрсететін қалалық он бағдардың жұмысы түнгі сағат 2-ге дейін ұзартылатын болады. Бұдан бөлек, елорда тұрғындары мен қонақтарына сағат 18:00-ден гала-концерттің соңына дейін М-1 көпірінен Аманжолов көшесінің аралығындағы Байтұрсынов көшесінде, Байтұрсынов пен Нәжімеденов көшелерінің аралығында жатқан Аманжолов көшесінде, М-3 көпірінен Аманжолов көшесіне дейінгі аралықта жатқан Нәжімеденов көшесінде, Қошқарбаев пен Нәжімеденов көшелерінің аралығындағы Тәуелсіздік даңғылында (қоғамдық көліктерден басқа) көлік құралдарының қозғалысына шектеу қойылады. Аталған ауданға сапарлауды жоспарлайтын азаматтарға өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Көлікті қоюға ұсынылатын орындар:

- Оқушылар сарайының Б. Момышұлы даңғылындағы тұрағы

- «Astana Music Hall» мейрамханасының Б. Момышұлы даңғылындағы тұрағы

- «Нұр Астана» мешітінің Достық көшесіндегі тұрағы

- «Жетісу» саябағының Сарайшық көшесіндегі тұрағы Гала-концерт аяқталған соң, Астананың триатлон саябағы, Есіл өзені жағалауы, Нұржол желек жолы аумағынан мерекелік от шашуды тамашалауға болады.