Альпинизм саласында алдыңғы қатарда

Дүние жүзінде биіктігі 8 000 метрден асатын 14 тау бар. Олардың ұшар шыңы Джомолунгма (8 848 метр), Чогори (8 611), Канченджанга (8 586), Лхоцзе (8 516), Макалу (8 481), Чо-Ойю (8 201), Дхаулагири (8 167), Манаслу (8 156), Нангапарбат (8 126), Аннапурна I (8 091),  Гашербрум I (8 080), Броуд-Пик (8 051), Гашербрум II (8 035) және Шишабангма (8 027) деп аталады. Бұл шыңдардың барлығы да Қытай, Непал, Үндістан және Пәкстан елдері аумағындағы Гималай мен Каракорум таулары жүйесінде орналасқан.

Егемен Қазақстан
12.07.2018 4782

Адам баласы аспанмен таласқан таулардың ұшар шыңына шығуға сан мың мәрте әрекет жасағаны бесенеден белгілі. Алла тағала оң қабақ танытқан альпинистер ешбір қиындыққа қарамастан діттеген мақсатына жетіп, еліне абыройлы, отбасына аман-есен оралды. Бақ-жұлдызы жанбай, бағытынан жаңылған жандар жарты жолдан кері қайтуға мәжбүр болды. Сонымен қатар жүздеген азамат ажал тырнағына ілігіп, сол жер­де мерт болғанын да айтуға тиіс­піз. Солардың біразының мәйіті табылмаған күйі алып таулардың шыңында және бөктері мен ете­гінде қалды. Бірақ бұл жайсыз жайттар жүрегінің түгі бар өр мінезді азаматтарды райынан қайтара алған жоқ. Керісінше, басын қауіп-қатерге тігіп, көз арбаған биіктерді бірінен кейін бірін бағындыруға құштарлық танытып отырған адам­дар­дың саны жыл өткен сайын арта түсуде. 

Ресми деректерге сүйенсек, жоғарыда аталған 14 шыңның бар­лығын бағындырған жер бетінде небәрі 38 альпинист бар екен. Бір ғажабы, солардың үшеуі Қазақ­станның азаматы. Олар – Денис Урубко, Василий Пивцов және Мақ­сұт Жұмаев. Бұл есімдер әлемдік альпинизм спорты тарихында алтын әріптермен жазулы. 

1973 жылы Ресейдің Ставро­поль өлкесінде жарық дүние есігін ашқан Денис 1993 жылы Алматыға қоныс аударды. Ол нағыз кәсіпқой альпинист ретінде Қазақстанда қалыптасты. Биіктігі 8 мың метр­ден асатын барлық 14 шыңды бағындыру үшін ол тапжылмай 9 жыл тер төкті (2000-2009). Жерлесіміз осындай дәрежеге жеткен әлемдегі 15-ші және ТМД-дағы тұңғыш альпинист. Сондай-ақ Урубко сол белестердің барлығын оттегіні қолданбай-ақ бағындырды.

1975 жылы Алматы қаласында туған Василий Пивцов пен 1978 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген Мақсұт Жұмаев көңіл арбаған биіктерге 2001 жылы көз тікті. Содан қауырт жұмыс бас­талды. Бұл ретте «бәрі бірден керемет болды» деп еш айта алмаймыз. Таулар да өз тәкаппарлығын көрсетті. Жерлестеріміздің жолы болмай, жігері жасыған кездері де жоқ емес. Десек те бұл сәтсіздіктер олардың сағын сындыра алған жоқ. Табандылық мен төзімділік, батылдық мен батырлық және өздері таңдаған кәсіпке деген адалдығы мен альпинизмге шынайы берілгендігінің арқасында Василий Талғатұлы мен Мақсұт Сағынтайұлы араға 10 жыл салып, көздеген мақсаттарына жетті.

Расында да, Урубко да, Пив­цов та, Жұмаев та қандай құр­­­метке де лайық. Халықаралық ұйым­­дар мен федерациялардың жетекшілері, Қазақстан Үкіметі, түрлі деңгейдегі басшылардың барлығы да жаужүрек жігіттердің еңбегін лайықты баға­лап, түрлі сыйлықтармен марапат­тады. Басын қауіп-қатерге тігіп, тау мен тасты аралаған осы отандас­тарымыздың толағай табысы жайын­да әңгіме айтылса, көңіліміз кәдім­гідей мар­қайып, кеудемізді мақтаныш сезімі кернейтіні рас. Жүздің, тіптен мыңның бірінің жүрегі дауалай бермейтін нар тәуе­келге барған қазақ­стандық аль­пинис­тердің бұл ең­бегін нағыз ерлік деп бағалауға тиіспіз. 

Бүгінгі таңда Қазақстан альпинизм саласы бойынша төрткүл дүниедегі алдыңғы қатарлы мемлекеттердің санатына еркін еніп отыр деп нық сеніммен айтуға болады. Олай деуге негіз, биіктігі 8 мың метр­ден асатын әлемдегі барлық 14 шыңды осы күнге дейін небәрі 20 елдің оғ­ландары ғана бағындырған екен. Сол тізімде жерлестеріміз Поль­ша альпинистерімен бірге төртінші және бесінші орындарды өзара бөлісуде. Алдымызда тек Италия (7 адам), Испания (5 адам) және Оңтүстік Корея (5 ­адам). Сондай-ақ Непалдың екі ­өкі­лі сол биіктерге көтерілді. Ал Швейцария, Мексика, АҚШ, Эк­вадор, Германия, Финляндия, Аустралия, Португалия, Аустрия, Жапония, Чехия, Словакия және Иранның бір-бір азаматы сол белестерден көрінді. Міне, осы деректерден-ақ, талай мүйіздері қарағайдай мемлекеттерден Қазақ елінің көші әлдеқайда ілгері екенін аңғаруға болады.

 

Деректер

  • Әлемдегі ең биік 14 шың­ның барлығын бағындырған әлемдегі тұңғыш адам – Райн­хольд Месснер. Биылғы жыл­дың күзінде 74 жасқа толғалы отырған Италияның альпинисі сол жоспарын жүзеге асыру үшін өмірінің 16 жылын­ сарп еткен екен. Атап айтсақ, Месснердің 1970 жылы бастал­ған жорығы 1986 жылы сәтті аяқталды.
  •  Сол таулардың ұшар биігіне шығу үшін Апеннин түбе­гінің тарланы  Марио Пан­цери ширек ғасырға жуық уа­қыт жұмсаған екен. Нақтылап айт­сақ, тура 24 жыл! Қазіргі кезде 80 жас­ты ал­қым­даған Ита­лияның азаматы 1988 жылы бас­таған ісін 2012 жылы ғана тәмам­дады. Ал поль­ша­лық Петр Пус­тельник болса, осы мақсатқа жету үшін 20 жыл өмі­рін арнады.
  • Сол шыңдарды ең қысқа мерзімде бағындырған үш адам бар. Олар – Польшаның саңлағы Ежи Кукучка (1979-1987) және Оңтүстік Кореяның қос қыраны – Парк Юн Сок (1993-2001) пен Ким Чанг Хо (2005-2013). Бұл альпинис­терге 8 жылдың ішінде барлық биіктердің төбесіне көтерілді.
  • Кейбір дерек көздеріне сенсек, 14 шыңның төбесіне шық­қан 38 альпинистің қатарына тағы бес адам қосылуға тиіс еді. Олар – италиялық Фаусто ди Сте­фани, ұлыбританиялық Алан Хин­кес, украиналық Вла­дислав Тер­зыуыл, кореялық О Ын Сон және испаниялық Кар­лос Паунер. Алай­да бұл көр­сеткіштердің ресми дәлелі жоқ болғандықтан, олардың есім­дері жоғарыда айтылған тізімге енген жоқ.
  • Әйелдер арасында корея­лық О Ын Сон 1997-2010 жылдар аралығында барлық 14 шыңды бағындырды. Алайда оның бұл көрсеткіші күмән туғызды. Арада тура 20 күн өткенде Эдурне Паса­бан дәл сол межеден көрінді. Оның табысы күмәнсіз еді. Осы­лайша үстіміздегі жылдың 1 тамызында 45 жасқа толғалы отыр­ған Испанияның өкілі осындай дәрежеге жеткен тұңғыш альпинист-әйел ретінде тарихта қалды. 
  • Былтырғы жылдың өзін­де ғана Гималай мен Кара­ко­рум­дағы барлық шыңдарды бағын­дырушылар қатары бес адаммен толықты. Олар – италиялық Роман Бенет пен Нивас Мерой, слова­киялық Петер Хамор, ирандық Әзім Гейшісаз және испаниялық Ферран Латор. Еуропаның үш өреніне мақ­сатына жету үшін 18 жылдан аса уақыт қажет болса, Парсы елінің өкі­лі 9 жылда барлық шаруаны тындырды.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.07.2018

Әлемнің 20-дан астам елінің үздік сәулетшілері Қазақстанның елордасында бас қосты

18.07.2018

Дәрен Абаев: «Шалқар» радиосының таратылымын кеңейту жұмыстары толық аяқталды

18.07.2018

Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды

18.07.2018

Парижден 65 млн еуроға пәтер сатып алған қазақстандық кім?

18.07.2018

«Эйр Астана» Skytrax World Airline Awards сыйлығының жеті дүркін лауреаты атанды

18.07.2018

Түркістан облысында алты айда 202,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

18.07.2018

Триатлоннан өтетін ашық турнирде 300 адам жарысқа түседі

18.07.2018

Ақылы автотұрақ төлемін мобильді қосымша көмегімен төлеуге болады

18.07.2018

Сыр өңірінде жыл басынан бері 228 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

18.07.2018

Қазақстандық суретші Ядросыз болашақ үшін» сыйлығын жеңіп алды

18.07.2018

Әміре ауылындағы той

18.07.2018

Қызылордада АӨК саласында 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ

18.07.2018

Қамбаш көлінде демалушылардың қатары жыл сайын көбейіп келеді

18.07.2018

Сыр өңірінде жазасын өтеушілер диплом алып жатыр

18.07.2018

Қызылордада қалалық аурухана жаңа құрылғылармен толықты

18.07.2018

Жалағаш ауданында күн электр станциясының құрылысы басталды

18.07.2018

Елімізде жеңіл автокөліктердің саны артты

18.07.2018

Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы жас офицерлермен толықты

18.07.2018

Ханшалар киген қасаба

18.07.2018

Степ­ногорск қалалық тарихи-өлкетану музейі ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ауыл шаруашылығын цифрландыру болашақтың баламасыз жолы

Әлем елдерінде қазіргі уақытта ауыл шаруашылығын цифрландыру қарқынды түрде жүріп жатыр. Уақыт өткен сайын бұл салада неше түрлі жаңа технологиялар пайда болып, олар жедел түрде өндіріске ен­гізілуде. Мәселен, Еуропадағы компания­лар енді егістік жағдайын зерттеумен ай­на­лысатын дрондарды да шығара бас­тады. Бұл машиналар фермерлердің егіс шы­ғымдылығын алдын ала болжап бі­лу­леріне жағдай туғызуда. Осы үдеріс ке­ңі­нен қанат жая келе, бүкіл ел бойынша әрбір егіс алқабының шығымдылығын күні бұрын анықтау мүмкіндігі пайда болатын көрінеді. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Аяқдоп аламаны аяқталды

Әлем чемпионаты – тағатсыздана күткен футбол тойы еді. Енді барлығы аяқталып, той тарқасымен біз де алған әсерімізбен бөлісе кетсек. Бұл біріншілік несімен есте қалмақ?

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Биографиялық фильмдердің бәсі биік болуы тиіс

Кейінгі кезде «Еуразия бірінші арнасынан» әйгілі кеңестік манекенші-модель, сән әлемінде «Кремльдің ең әдемі қаруы» және «Кеңестік Софи Лорен» атанған Регина Збарская туралы сериа­л көрсетіліп жатыр. Былай қарасаңыз, сән әлемінің кіндігі саналған Парижді тәнті еткен өмірі жұмбаққа толы сұлудың сол кездегі кеңестік қасаң қағидаларға сыймаған ғұмырын өзгеше қырынан бейнелеген қарапайым, бірақ кемел түсірілген Ресейдің кезекті киноөнімдерінің бірі. 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Халық әнінің тоналу тарихы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағ­дарламалық мақаласында, жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды», деді. Елдің ұлттық-рухани тамыры дегеніміз не? Ол ха­лықты сан ғасырдан бері адастырмай, алып келе жатқан салт-дәстүрі, фольклоры, әні мен жыры. Осылардың ішінде әннің ұлт руханияты үшін орны айрықша. Дана Абай атамыз, «Ұйықтап жатқан жүрек­ті ән оятар, Үннің тәтті оралған мәні оятар» дегенді бекер айтқан жоқ.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ормуз бұғазы жабылған жағдайда...

Осы айдың басында Иран Ислам Рес­публикасының президенті Хасан Рухани Швейцария еліне жасаған сапары кезінде мұнай импорттаушы мемлекеттер Иранның мұнайын сатып алмаған жағдайда Ормуз бұғазын жауып тастайтындарын мәлімдеді. Президенттің бұл мәлімдемесі АҚШ билігінің Иран мұнайын сатып алмауға өз одақтастарын ықтиярсыз көндіруге бағытталған қысымына байланысты болса керек.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу