Аймақтар • 13 Шілде, 2018

Оралда «Protecting Business and Investments» жобасын таныстырылды

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Protecting Business and Investments» жобасын таныстырып, Орал қаласында инвес­торлармен кездесу ұйымдастырды.

Оралда «Protecting Business and Investments» жобасын таныстырылды

Шара барысында департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Исақов «Pro­tecting Business and In­vest­ments» жобасын таныстыр­ды. Кездесуге Сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы іс-қимыл ұлт­тық бюросы де­пар­таменті бас­шы­лығы және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ аймақ­тық өкіл­дігі, инвесторлар және кәсіп­керлер қатысты.

Агенттік инвес­торлар­ды сыбайлас жемқор­лық­қа қар­сы сүйемелдеу жобасын іске қос­ты. Бұл жоба сыбайлас жем­­қор­лықты жоюдың озық меха­низм­­дерін қолдана отырып, қо­лайлы инвестициялық ахуал қа­лып­тастыруға бағытталған, дейді Болат Исақов.

Агенттік бұл жобаны «KAZAKH INVEST» ұлт­тық компаниясы» акцио­нер­лік қоға­мымен, тиісті министр­лік­термен және жергілікті атқа­рушы органдармен бірлесіп жүзеге асыруда. Жобаның басым бағыты – кәсіпкерлердің құ­қы­ғын қорғау, бизнес үдеріс­терді оңтайландыру, қоғам­дық бақылау орнату және инвес­тор­лардың сыбайлас жем­қорлыққа қарсы құқықтық сауат­тылығын арттыру.

Кездесу барысында қаты­­су­­­­шы­лар бұл шараның маңыз­­ды­лығын атап өтіп, елі­міздегі сы­байлас жемқор­лыққа қарсы жүр­гізіліп жатқан кешенді іс-қи­мыл туралы өз ойларымен бө­лісті.

 

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

ОРАЛ