Спорт • 13 Шілде, 2018

«Саламаттылық әдеттері» марафоны басталды

456 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жуырда Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсау­лық сақтау ұлттық орталығы Астана қалалық Денсаулық сақ­тау басқармасымен бірлесіп «Сала­мат­тылық әдеттері» марафонын бастады. Аталған акцияға қа­ла­лық мәслихат депутаттары, мем­ле­кеттік қызметкерлер, меди­ци­на­лық қоғамдастық, спортшылар, үкі­меттік емес ұйымдар және ел­орда тұрғындары қатысты.

«Саламаттылық әдеттері» марафоны басталды

«Ден­саулық кепілі – Будь здоров! – Be healthy!» ұранымен өт­кен шара барысында флэшмоб, ша­тыр астындағы «Денсаулық қа­ла­шығының» жұмысы, шұғыл жәр­дем дағдыларына үйрету сияқ­ты бағдарламалар жүзеге ас­ты. Сонымен қатар акция аясы­нда он­колог, кардиолог, фтизиатр, рен­тген-лаборант, эндокринолог, педиатр  мамандардан құралған мобильді ме­ди­ци­налық бригадалар жұмыс істеді. Бейінді мамандар тұрғындарға консультативтік-диагностикалық көмек көрсетті. 

Өз сөзінде Қоғамдық денсаулық сақтау ұлт­тық орталығының бас директоры Уәлихан Ахметов Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағ­дайындағы жаңа мүмкіндіктер» атты Жолдауында саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қо­ғамдық денсаулықты басқару ісін кү­шейту қажеттігіне назар аудар­ға­нын атап өтті. «Жолдауды іске асыру мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі халықты саламатты өмір салты қағидаттары туралы ақ­параттандыруға бағытталған қо­ғамдық денсаулықты нығайту жө­нінде жоспар әзірледі», деді ол. Сондай-ақ Мемлекет басшысы қазақстандықтарды спортпен шұ­ғыл­дануға шақырғанын және «Challenge, сен басқасың!» спорт­тық бастамасын қолдағанын айтты. «Бүгін біз «Саламаттылық әдет­тері» марафонын бастап отырмыз. Қарапайым іс-әрекеттер әр адам­ға аурудың алдын алуға және өмір сүру сапасын арттыруға мүм­кіндік береді. Бас қаламыздың 20 жылдығы аясындағы эстафета­ны еліміздің басқа да өңірлері жал­ғастырмақшы», деді орталық басшысы.

Сондай-ақ «Саламаттылық әдет­­тері» марафонында дастарқан­нан тұз солонкасын алып тастау, тәулігіне 2 литр су ішу, күнделікті 10 мың қадам жүру сияқты ұсыныстар айтылды. Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының, бас қаланың, Алматы ауданының, денсаулық сақтау басқармасы басшылығының өздері де үлгі-өнеге болып, сау әдеттердің жолын нұсқап, манекен арқылы жүрек-өкпені реанимациялау кезінде шұғыл көмек көрсету дағдыларын көрсетті.

Марафонға қатысушылар достарын, туған-туысқандарын, әріптестерін, таныстарын өзінің таңдауы бойынша фастфудтан, газды сусындардан, тәтті тағамдардан бас тартуға, жеміс-жидектер таң­дауға, сондай-ақ 100 рет сергіту жат­ты­ғуларын жасауға және эста­фе­таны әрі қарай «Ал сіздің қо­лыңыздан келе ме?» ұранымен жалғастыруға шақырды. Марафон бүкіл елімізде «Денсаулық жолы» аясында өтеді.

Мирас АСАН,

«Егемен Қазақстан»