Аймақтар • 13 Шілде, 2018

Курсанттар әскери кемелерде тәжірибеден өтті

609 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің 100-ден аса курсанты Қазақстан Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің барлық санаттағы заманауи су асты корабльдерінде тәжірибеден өтті.

Курсанттар әскери кемелерде тәжірибеден өтті

Әскери-теңіз күштерінің бел­сенді жаңару және қайта жаб­дық­тау үдерісін ескере отырып, кур­с­анттарға «Алатау» мина-тар­тқыш кораблі мен «Жайық» гид­ро­графиялық кемесінде таңдап ал­ған мамандықтары бойынша тә­жірибелік дағдыларын меңгеру мүм­кіндігі берілген. Курсанттар екі ай бойы әскери кафедрада алған бі­лімдерін іс жүзінде қолдануға дағ­дыланып, кәсіби тәжірибе бағ­дарламасы толық көлемде орын­далған соң ғана өздерінің оқу орындарына қайта оралды.

Қорғаныс министрлігінің ресми ақпараттарына сүйенсек, Әскери те­ңіз күштері қолбасшылығы ал­дағы уақытта да техника мен қару-жарақтың жаңа үлгілерін пайдаланатын мамандарға қойылатын та­лаптарға жауынгерлік корабль­дер­де әскери-теңіз білім беру ме­ке­мелері оқушыларының тәжі­ри­бе­ден өтуін әрі қарай жандандыруды жоспарлауда.

Жалпы Қарулы Күштерде алғаш рет әскери-ғылыми взвод құра­мын­да мерзімді әскери қызмет өткеру үшін жастарды шақыру тәжірибесі бас­талғанын да айта кету керек. Қорғаныс министрлігінің шеші­мі­мен жаңадан құрылатын әскери-ғылыми взвод құрамында белгілі бір біліктілігі бар дипломды шақырылушыларды пайдалану тәртібі бекітіліп, оны іске асыру тетіктері пысықталған.

Қазіргі уақытта шақырылған жастар 68665 әскери бөлімінің баз­а­сын­да жинақталуда. Оларды ірік­­теу­де робот техникасы, ақпа­рат­тық технологиялар мен ки­бер­қау­іпсіздік саласындағы білік­ті­ліктері ескерілген.

Әскери-ғылыми взвод Қазақ­тан Республикасының Тұң­ғыш Пре­зи­де­нті – Елбасы атын­дағы Ұлт­тық қор­ғаныс универ­­ситеті Әс­ке­ри-ғы­лыми зерттеу орта­лығының құ­ра­мында әскери басқару органдары мүддесінде қолданбалы және ір­ге­лі зерттеулер саласындағы пер­с­пективалық ғылыми-зерттеу, тә­жі­­рибелі-құрастыру және сынама жұ­­мыстарын орындау мақсатында құ­рылған.

Серік ӘБДІБЕК,

«Егемен Қазақстан»