Аймақтар • 17 Шілде, 2018

Жаңаөзенде «брейк данс» жəне «хип-хоптан» би жарысы өтті

471 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңаөзен қалалық жастар ресурстық орталығы және «Жас Отан» ЖҚ Жаңаөзен қалалық бөлімшесінің ұйымдастыруымен Астана қаласының 20 жылдығына арналған брейк данс және хип – хоп бишілер жарысының іріктеу кезеңі өтті.

Жаңаөзенде «брейк данс» жəне «хип-хоптан» би жарысы өтті

Жастардың заманауи би өнеріне деген қызығушылығын дамытып, эстетикалық талғамдарын қалыптастыруды мақсат еткен шараға 20-ға жуық жаңаөзендік жас қатысып, үздік деп танылғандар  ақтық сынға жолдама алды. Жарысқа кәсіпқой хип-хоп биші Сағындық Мырзағалиев төрелік етті. Іріктеу кезеңіне қатысқан барлық үміткерлер дипломмен марапатталды.

- Елордамыздың 20 жылдық мерейтойына орай өткізіліп отырған бұл мәдени шараның жастарға берері мол. Би өнері ең алдымен жас жеткіншектерге бос уақыттарын тиімді пайдалануға, адам бойындағы этика мен сұлулықты дамытуға үйретеді. Еліміздің басқа қалаларында хип-хоп мәдениеті өте жақсы дамыған, біздің қаламызда да жастар арасында осындай шаралар көптеп ұйымдастырылуы қажет, деді С.Мырзағалиев.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар

Батырдың қолтаңбасы

Жәдігер • Бүгін, 11:10

Белгісіз солдат

Қоғам • Бүгін, 11:00

Ұлттық спорт туралы заң қажет

Ұлттық спорт • Бүгін, 10:45

Майдангердің ұлы

Тұлға • Бүгін, 10:40