Аймақтар • 17 Шілде, 2018

Ақтауда «Мемлекеттік қызмет – менің таңдауым» сайысы өтті

458 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткен интелектуалдық сайысқа 4 топ қатысты. Сайыс жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырып, мемлекеттік қызметке қатысты мәліметтерді студенттер мен мектеп оқушыларына түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.

Ақтауда «Мемлекеттік қызмет – менің таңдауым» сайысы өтті

Ашылу рәсімінде сөз алған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қайрат Бәйгебаев өз сөзінде жемқорлықты азайтпайынша, елдің әлеуметтік-экономикалық ілгерілеуі екіталай екенін жеткізді.

Меритократия дегеніміз не, мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары, мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтер, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты сауалдарға жастар жарыса жауап берді.

Интелектуалды сайыс 3 кезеңді қамтыды. Алдымен сұрақ-жауап кезеңі, одан кейін «Капитандар сайысы» болса, үшінші кезең «Суреттер сөйлейді» деп аталады. Алғашқы кезеңде тарихи таным, энциклопедиялық білім мен мемлекеттік қызметке қатысты сұрақтар келді. Екінші кезеңде команда капитандары ортаға шығып өз біліктіліктерін паш етсе, үшінші кезеңде түрлі логикалық суреттер көрсетіліп оның мән-мазмұны айтылды.

Жастар арасында тұңғыш рет өткізіліп отырған сайыс алдағы уақытта дәстүрлі түрде ұйымдастырылып тұрмақ.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»