17 Желтоқсан, 2011

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттарын сайлау бойынша сайлау науқанының барысы туралы

255 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Партиялық тізімдерді ұсыну және тіркеу қорытындылары туралы

2011 жылғы 15 желтоқсанда партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Рес­пуб­ликасы Парламенті Мәжілісі депутат­тығына кандидаттарды тіркеу аяқталды. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына сегіз саяси партияның партиялық тізімдері ұсынылды және тіркелді: 1. «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының; 2. Қазақстанның «Ак жол» демократия­лық партиясының; 3. Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның; 4. Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясының; 5. «Әділет» демократиялық партиясы­ның; 6. Қазақстанның Патриоттары партиясы­ның; 7. «Руханият» партиясының; 8. Қазақстанның Коммунистік халық партиясының. Жалпы алғанда, Ортсайлауком 386 кандидатты тіркеді. 1 депутаттық мандатқа шамамен 4 адам бәсекелеседі. Тіркелген кандидаттардың арасында  12 ұлттың өкілдері бар. Үміткерлердің орташа жасы – 54 жас. Әйелдер – 21%. Кандидаттардың 99% жоғары білімі бар. Олардың  35% заңгерлік немесе экономистік білім. 30% жуығы халық шаруашылығының түрлі салаларының мамандары болып табылады. Тіркелген кандидаттардың 13%-ы –  төртін­ші шақырылған Парламенттің депутаттары. Төрттен бірі – коммерциялық құрылымдар­дың қызметкерлері, 12%-ға жуығы мемлекеттік органдар мен мекемелерде, тағы 16%-ға жуығы  ғылым, мәдениет және білім саласында жұмыс істейді. 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы­ның Орталық сайлау комиссиясында  саяси партиялардың атауларын сайлау бюллетеніне енгізу туралы жеребе тарту өтті. Жеребе тарту нәтижелері бойынша 2012 жылғы 15 қаңтарда дауыс беру кезінде саяси партиялардың атаулары сайлау бюллетенінде келесі тәртіпте орналасатын болады: 1. «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы. 2. Қазақстанның Патриоттары партиясы. 3. «Руханият» партиясы. 4. Қазақстанның «Ақ жол» демо­кратиялық партиясы. 5. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия. 6. Қазақстанның Коммунистік халық пар­тиясы. 7. Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясы. 8. «Әділет» демократиялық партиясы. 16 желтоқсаннан бастап партиялық тізімдері тіркелген саяси партиялардың барлығы үгіт жұмысына кірісе алады.

Мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсыну және тіркеу барысы туралы

14 желтоқсанда мәслихаттар депутатты­ғына кандидаттар ұсыну аяқталды. Алдын ала мәліметтер бойынша 9990 кандидат ұсынылған. Соның ішінде облыстық, Астана мен Ал­маты қалалық мәслихаттарға – 1912; аудан­дық мәслихаттарға – 5949; қалалық мәс­лихаттарға – 2129 кандидат ұсынылған. Мәслихаттар депутаттығына 7554 кандидат тіркелген. Мәслихаттар депутаттығына кандидат­тар­ды тіркеу 2011 жылғы 20 желтоқсанда аяқталады.

Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың  байқаушыларын аккредиттеу туралы

15 желтоқсандағы жағдай бойынша, Қа­зақ­стан Республикасының Орталық сайлау ко­миссиясы Қазақстан Республикасы Сырт­қы істер министрлігінің ұсынымы негізінде 47 халықаралық байқаушыны аккредиттеді, олардың 46-сы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының және 1-і ТМД-дан байқаушылар Миссия­сының құрамына кіреді.

Ортсайлаукомға келіп түскен өтініштер туралы

2011 жылғы 16 қараша мен 14 желтоқсан аралығындағы кезеңде Ортсайлаукомға  39 өтініш келіп түскен. Олардың 27-і  сайлау науқанының әртүрлі аспектілері бойынша өтініштер, тағы 11-і – сайлау комиссияла­ры­ның, сайлау үдерісіне қатысушылардың және бұқаралық ақпарат құралдарының қызметіне қатысты.   Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы