18 Желтоқсан, 2011

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы №197

257 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында  төтенше жағдай енгізу туралы Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Конс­ти­ту­циясының 44-бабының 16) тармақшасына, Қа­зақстан Республикасы «Төтенше жағдай ту­ралы» Заңының 4, 5, 6-баптарына сәйкес қаулы етемін: 1. Маңғыстау облысының Жаңаөзен қала­сында 2011 жылғы 16 желтоқсанда орын алған жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты, қоғам­дық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қалпына келтіру, аза­маттардың құқықтары мен бостандықтарын қор­ғау мақсатында, Маңғыстау облысы, Жаңа­өзен қаласының шегінде 2011 жылғы 17 желтоқсандағы 18 сағат 00 минут пен 2012 жылғы 5 қаңтардағы 7 сағат 00 минут кезе­ңінде төтенше жағдай енгізілсін. 2. Маңғыстау облысының Жаңаөзен қала­сын­да төтенше жағдайдың күшінде болуы ке­зеңінде 23 сағат 00 минуттан 7 сағат 00 минут­қа дейін коменданттық сағат енгізілсін. 3. Төтенше жағдайдың кезеңінде Маң­ғыс­тау облысы, Жаңаөзен қаласының комен­да­ту­ра­сы құрылып, оған Қазақстан Республи­ка­сының «Төтенше жағдай туралы» Заңымен көзделген өкілеттіктер берілсін. Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының коменданты болып Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінің бастығы Аманжол Жай­ға­ли­ұлы Қабылов тағайындалсын. 4. Төтенше жағдайдың күшінде болуы кезеңінде мынадай шаралар мен уақытша шектеулер енгізілсін: 1) қоғамдық тәртіптің сақталуы, аса ма­ңызды мемлекеттік және стратегиялық объек­ті­лердің, сондай-ақ халықтың тыныс-тіршілі­гін және көлік қызметінің жұмыс істеуін қам­та­масыз ететін объектілердің күзетілуі күшейтілсін; 2) Маңғыстау облысының Жаңаөзен қала­сында жүріп-тұру еркіндігі, оның ішінде көлік құралдары қозғалысының еркіндігі шектелсін; 3) жеке тұлғалардың жеке басын куәлан­ды­ратын құжаттарды тексеру, оларды жеке тексеру, олардың жанындағы заттарын, көлік құралдарын тексеру қамтамасыз етілсін; 4) Маңғыстау облысының Жаңаөзен қала­сына кіру, сондай-ақ одан шығу шектелсін; 5) жиналыстарға, митингілер мен демонс­тра­цияларға, шерулер мен тосқауылдарға тұ­ру­ға, сондай-ақ ойын-сауық, спорттық және бас­қа да бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынсын; 6) ереуілдерге және заңды тұлғалардың қызметін тоқтата тұрудың немесе тоқтатудың өзге де әдістеріне тыйым салынсын; 7) көшіру-көбейту техникасын, радио және телехабарларын беру аппаратурасын, дыбыс және бейнежазба техникасын пайдалануға шек қойылсын немесе тыйым салынсын, сондай-ақ дыбыс күшейткіш техникалық құралдарын уа­қыт­ша алып қою жүзеге асырылсын; 8) қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар, арнаулы құралдар, улы заттар сатуға тыйым салынсын, дәрі-дәрмектің, есірткі заттардың, психо­троптық заттардың, прекурсорлардың, сондай-ақ этил спиртінің, алкоголь өнімдерінің айна­лымына ерекше режім белгіленсін; 9) жеке тұлғалардан қару мен оқ-дәріні, улы заттарды уақытша алып қою, ал заңды тұл­ғалардан қаруға, оқ-дәріге және улы зат­тар­ға қоса әскери және жауынгерлік оқу техни­касын, жарылғыш және радиоактивті заттарды уақытша алып қою қамтамасыз етілсін. 5. Төтенше жағдайдың кезінде қолданы­ла­тын шаралардың іске асырылуына жауапты бо­лып Маңғыстау облысы, Жаңа­өзен қаласы­ның комендатурасы, Қазақстан Республи­ка­сының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Рес­публикасының Ұлттық қауіп­сіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Респуб­ли­касының Төтенше жағдайлар министрлігі белгіленсін. 6. Қазақстан Республикасының Бас проку­ро­ры осы Жарлықпен белгіленген шаралар мен уақытша шектеулерді іске асыру кезінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етсін. 7. Қазақстан Республикасының Үкіметі төтен­ше жағдай режімін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінен қажетті қаражаттарды бөлсін. 8. Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.   Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2011 жылғы 17 желтоқсан.