![Шыңғожалық балаларға құны 2 миллион теңгеден асатын әдемі ойын алаңы тарту етілді](/article_photo/1533041621_article_b.jpeg)
Аталған елді мекеннің 2003 жылғы түлегі Мадияр Бендебаев ауылдағы орталық көшелердің бірінде орын тепкен ойын алаңында балаларға қажет алтыбақан, әткеншек, сырғанақ секілді дүниелердің барлығы бар екендігін айтады.
«Өзіміз туып-өскен ауылға көмектеспегенде кімге көмектесеміз? Біздің балалық шағымызда жазда суға түсіп, әртүрлі ойындар ойнаушы едік. Қыста ауыл сыртында шаңғы тебетінбіз. Қазіргі балалар телефон мен интернет желілерінде көбірек отырады. Мақсатымыз – жас өркендер таза ауада көп жүріп, уақыттарын мәнді де мағыналы өткізсе дейміз. Сол үшін де осынау ойын алаңын сыйға тартып отырмыз», – дейді ол.
Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»
Шығыс Қазақстан облысы,
Аягөз ауданы,
Шыңғожа ауылы