21 Желтоқсан, 2011

Қоғамдық тұрақтылық – қасиетті қазынамыз

420 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Оған қол сұққан басбұзарларды халқымыз бірауыздан айыптауда

АРАНДАТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ

Жексенбі күні Атыраудағы «Исатай-Махамбет» алаңында жұрт­шы­лық­тың қа­ты­суымен митинг өтті. Ми­тингке ха­лық өте көп жиналды.  Әр түрлі сала­ның өкілдері бар, мұнай­шы­лар да, мұ­ғалімдер де, студенттер де Жаңа­өзендегі оқиғаны айыптаған  пікірлерін білдірді. Алдымен сөз алған ең­бек ардагері Кеңес Қосыбаев «Жа­ңаөзен қаласындағы оқиға Қазақ­стан­ның тәуелсіздігі арқылы қол жеткізген жетістігімізге, елдің бірлігі мен ын­ты­мағына нұқсан келтіре ал­майды. Біз елдің тұрақтылығына сы­на қақ­қы­сы келген арандату­шылар әрекетіне жол бере алмаймыз», деді. Х.Досмұхамедов атындағы Аты­рау университетінің студенті Өсила А­р­манқызы «Жаңаөзендегі оқиға аран­­датушылардың әрекеті, мұны еркін елдің ертеңі –жастар ешқа­шан қол­­дамайды. Біз ел ішіндегі бірлік пен ынтымақтың бұзыл­ма­ға­нын қа­лай­мыз. Біз үшін ең басты құн­ды­лық – Қазақ елінің тәуел­сіз­дігі. Біз оны көзіміздің қарашы­ғын­дай сақ­тауы­мыз қажет», деді. – Біз бүгінгі еңбе­гі­міздің жемісін балаларымыз, кейін ұрпақ көрсе екен дейміз. Сол себептен, елдің бірлігін сақ­тап, келешек ұр­пақ үшін өнеге бо­лар­лық іс жаса­йық, –деді  Исатай ау­данын­дағы «ЖайықМұ­найГаз» бас­қармасының мұнайшысы Қожантай Сыдиықов. Митингке қатысушылар Маң­ғыс­тау жұртшылығына арналған үндеу қабылдады. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ. Атырау облысы.