Аймақтар • 31 Шілде, 2018

Солтүстік Қазақстанда жемшөп қоспасын дайындайтын иннновациялық цех жұмыс істейді

701 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шалғайдағы Шал ақын ауданына қарасты Ақанбарақ ауылындағы “Әсем” шаруа қожалығы табиғи балдырдан мал мен құсқа қажетті жемшөп қоспасын әзірлейтін инновациялық цехты іске қосты.

Солтүстік Қазақстанда жемшөп қоспасын дайындайтын иннновациялық цех жұмыс істейді

Сүтті бағыттағы ірі қара малының төлдері диарея ауруына шалдығуы жиі кездеседі. Ал жоғарыда аталған қоспа –аталмыш дертке бірден-бір ем. Оның құрамында “Б” дәруменінің барлық түрі бар және ақуызға өте бай.  Малдың иммунитетін жақсартады.Ерітінді түріндегі қоспаның екі-үш литрін бұзауға күніне берсе жеткілікті.

Бүгінгі күні мал шаруашылығында хлорелла биотехнологиясын дамыту маңызды шаралардың бірі екенін ескерген шаруа қожалығының жетекшісі Асан Атымтаев қоспа ретінде дайындалатын жемшөп өндірумен айналысу үшін мемлекет көмегіне жүгінген. “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы арқылы 2,5 миллион теңгенің грантын ұтып алған. Қажетті құрал-жабдықтар Ресейдің Қазан қаласынан жеткізілген. Арнайы мамандар   оқу курсынан өткен.

Қазір шаруашылықта 320 жылқы, 260 ірі қара малы, бір мыңға жуық қой бар. Қырық адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Алдағы уақытта мемлекеттік бағдарлама аясында сүтті  бағыттағы бір жүз бас асыл тұқымды сиыр сатып алу қарастырылған.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы