Білім • 01 Тамыз, 2018

Шетелдіктер елімізде білім алғысы келеді

520 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көптеген шетелдік азаматтар үшін Қазақстандағы білім нарығы тартымдылығымен ерекшеленеді. Осы орайда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары оқу орындарының рейтингі бойынша отандық білім берудің көш басында тұр деуге негіз бар. Аталған университетте ағылшын тілінде білім берумен қатар 70-тен астам қос дипломды бағдарламалар жүзеге асырылып келеді.

Шетелдіктер елімізде білім алғысы келеді

Бүгінде алыс және жақын шет елдерден 150-ден астам талапкер Ұлттық университетке тү­су үшін онлайн жүйе арқылы тір­келіп, құ­жаттарын тапсырды. Қазір олар­дың өтініштері қа­­был­данып, ендігі ке­зекте­ оқу орнына талапқа сәйкес қа­­­шық­­­­тықтан қабылдана алады. Бразилия, АҚШ, Франция, Гер­ма­ния, Индонезия, Оңтүстік Корея, Түркия, Үндістан және та­ғы басқа мемлекеттердің аза­мат­тары осы жүйе арқылы өті­ніштерін білдіріп отыр.

Университеттің Оқу ісі жөнін­дегі проректоры Асқар Хикметов би­ыл шетелдік студенттердің үл­кен легі қабылданатынын жет­­кізді. Жоғары халықаралық стан­дарттарға сай келетін білім беру бағдарламалары, сондай-ақ ағылшын тілінде оқу мүм­­кіндігі, заманауи кітапхана, сту­­денттерге қызмет көрсету орта­лы­ғы, спорт кешені және жайлы жа­тақханалар орналасқан бірегей уни­верси­тет ке­шені талапкерлердің қы­зы­ғу­шылығын туғызуда. Ұлттық уни­­верситетте олар сапалы бі­лім алу­мен қатар ғылыми және шы­ғар­ма­шылық әлеуетін жүзеге асы­руға мүм­кіндік алады.

Жаңа оқу жылында 600 шет­елдік студент қабылданады деп жос­парланған. Жалпы медицина, ақ­па­рат­тық жүйелер, халықаралық қаты­нас­тар, менеджмент, биотехнология, қазақ және орыс тілдерін оқу сияқты мамандықтар жоғары сұранысқа ие болып отыр.

Эльвира Серікқызы,
«Егемен Қазақстан»