Қазақстан • 01 Тамыз, 2018

Елімізде музей ісінің үздіктері анықталды

793 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және спорт ми­нис­трлігінің баспасөз ор­­та­лығында «Музей ісі­­нің үздіктері» атты жо­ба жұ­мысының барысы ту­ралы арнайы брифи­нг өт­ті. Брифинг бары­сы­н­да Мәдениет және спорт ми­нистрі А.Мұха­ме­ди­ұлы­­ның бастамасымен «Ру­­ха­ни жаңғыру» бағ­дар­­ла­масы аясында елі­міз­де тұңғыш рет музей ісі са­ласының мамандары­на ар­налған танымдық эн­цик­­лопедияны баспадан шы­ғару жұмыстарын жү­зе­ге асыру туралы мәселе қа­растырылды.

Елімізде музей ісінің үздіктері анықталды

«Музей ісінің үздіктері» атты жоба аясында елімізде алғаш рет екі тілде жарық көретін аталмыш энциклопедияның материалдарын жинақтау жұмыстарын Ұлттық музей ұжымы жүргізеді. Брифингке қатысқан Ұлттық музейдің Қорларды жинақтау, есепке алу және сақтау қызм­е­ті­нің жетекшісі, бас қор сақтаушы Рыс­күл Бекталиева өз сөзінде атал­мыш жобаның өте маңызды жә­не жақсы бастама екендігін ерек­ше айтып өтті. Ал «Астана Опера» музейінің меңгерушісі Априза Хусаинова бұрын-соң­ды дәл осындай жобалар жүзе­ге аспағандығына тоқталып, әр­дай­ым барлық марапаттар мен лай­ықты құрмет көрсетілуден му­зейлер мен кітапханалардың қыз­меткерлері тыс қалып қоя­тындығын да сөз етті. Қоры­тын­ды сөзінде бұл энциклопе­дия Қазақстандағы барлық му­зей­лерге, жалпы мәдени ұйым­дарға тап­тырмас құрал бола­тын­­ды­ғын да тілге тиек етті. Эн­цик­ло­педияның тұсаукесер рә­сі­мі және энциклопедияға енген үздік музей қызметкерлерін арнайы салтанатты түрде марапаттау рәсімі Ұлттық музейде өтеді. Жоба авторы – Ұлттық музейдің ғылыми-әдістемелік қызмет басшысы, философия докторы (PhD) Сая Алипова.

Бағашар ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»