Спорт • 01 Тамыз, 2018

Ақмолалық желкеншілер – жүлдегерлер қатарында

386 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан мен Ресейдің тоғыз үздік экипажы «Burabay-2018» халықаралық ІV регатасында шеберліктерін сынға салды.

Ақмолалық желкеншілер – жүлдегерлер қатарында

Бурабай баурайындағы Шор­тан көлінде желкен керген жа­­рысқа қатысушылар 2015 жыл­дан бастап қолға алын­ған осы бір әдемі шараның бү­гінгі жалғастырушылары. Әр жыл сайын үзіліп түскен мон­­шақтай әсем Шортан көлі­нің жағасында әлемдік дода­лар­да дүркірей топ жарып жүр­ген жел­кенді қайық спорты үз­дік­те­рінің басы қосылады. Мәс­е­лен, 2012 жылы Хайкоуда өт­кен әлем чемпионатына қаты­су­шы, Ресей Федерациясы чем­пи­онаттарының бірнеше мәр­те же­ңімпазы, спорт шебері, жел­кен­ді жарыстың жампозы Алек­сан­др Пархоменко және Ресейде өткен талай жарыста топ жарған көкшетаулық Сергей Воронов осы жолы да желкенді қайық жарысын қыздыра түсті.

Бұл жолғы жарысқа Бал­қаш, Петропавл, Мәскеу, Ека­те­ринбург, Омбы сияқты қа­лалардың спортшылары қа­тыс­­ты. Бұрынғы жарыстардан бір ерекшелігі, бұл жолғы шара­ны облыстық әкімдік қолдап, дүйім елдің назарын Бурабайға ау­­дарды. Жалғыз жарыс қана емес, рухани нәрі мол шаралар да көп болды. Осы орайда:

– Алдағы уақытта осындай қол­дау болатын болса, жел­кен­ді қайық жарысының айы оңы­нан туады, – деп разылығын біл­дірді Сергей Воронов.

Ашылу салтанаты да ажар­лы, айшуақ салтанаты­мен кө­рер­мен­нің көңілін тоғай­тар­лық болып өткізілді. Тіпті, көл үстінде шарқ ұрған шағала да шулы жарысқа тамсанып өз үнін қосып тұрғандай. Екі күн бойы өздерінің те­мір­дей тө­зімділіктерін, ақбас тол­қын­дары ас­панға ата толықси тол­қыған көл бетіндегі шебер­лік­терін сын­ға салған жарыс ба­ры­сында әр­бір команданың же­ңіс­ке деген құш­тарлығы айқын аңғарылып тұрды.

Жарыс соңында қазылар ал­қасының шешімі бойын­ша көл бетінде қайығын көптен оз­дырған Екатеринбург қа­ласының ко­мандасы жеңім­паз атанды. Бір айта ке­терлігі, өткен жылғы сай­ыс­та да осы команданың ме­рейі үстем болған. Екінші орынға Ақмола облысының командасы ие болса, үшінші орын тағы да ресейліктерге бұйырды.

Байқал БАЙӘДІЛ,
«Егемен Қазақстан»