Футбол • 01 Тамыз, 2018

«Тобыл» Еуропа лигасынан шығып қалды

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

УЕФА Еуропа лигасында сынға түскен Қостанайдың «Тобыл» командасы аталған турнирдің екінші іріктеу кезеңі аясындағы қарымта кездесуде Ереванда Арменияның «Пюник» клубына қарсы ойнап, жеңіліп қалды.

«Тобыл» Еуропа лигасынан шығып қалды

Сырт алаңдағы матч ә дегеннен-ақ «Тобылдың» қауіпті шабуылдарымен басталды. Онысы түсінікті еді. Егер алаң иелері бір гол соғатын болса, келесі кезеңге өту мүмкіндіктері жоғарылайды. Өйткені «Пюниктің» Қостанайда соққан бір голы бар. Ал «Тобыл» гол соғатын болса, онда біздің команда келесі кезеңге жолдама алады.

Екі команда арасындағы ойынның бірінші бөлігі тең нәтижемен аяқталды. Алғашқы тайм «Тобыл» командасының жиі шабуылдап, қарсылас қақпаға жиі-жиі қауіп төндіруімен есте қалды. Дегенмен, тең есеп алаң иелерін қанағаттандырмайтын болған соң, Армения командасы екінші таймды жоғары қарқынмен бастады. Матчтың 82 минутында «Пюник» клубы өз дегендеріне жетті. «Тобыл» айып алаңының алдындағы қарбалас сәтті тиімді пайдаланған қарсылас команданың ойыншысы Мохамед Конате есепті ашып, командасын алға шығарып қана қоймай, Еуропа лигасының үшінші кезеңіне алып шықты.

Қақпасына гол өткізіп алған соң «Тобыл» бүкіл команда болып шабуылға шыққанымен, гол соға алмады. Есеп матч соңына дейін өзгеріссіз қалды. Осылайша, сырт алаңда соққан бір голдың арқасында «Пюник» жарыстың келесі кезеңіне өтті.

Қостанайда өткен алғашқы ойында «Тобыл» 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.