Қазақстан • 01 Тамыз, 2018

Жастар ауыл оқушыларына ағылшын үйретеді

433 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Жас Отан» ЖҚ және «Болашақ» Қауымдастығы ауылдық жерлерде ағылшын тілін оқытатын жастарды қабылдап жатқаны туралы хабарлайды.

Жастар ауыл оқушыларына ағылшын үйретеді

Оқушылардың ағылшын тілі деңгейін арттыру мақсатында «Жас Отан» ЖҚ және «Болашақ» Қауымдастығы «English for Jastar» атты жобаны іске асырып жатыр.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында жоба іске қосылады. Осыған орай, ұйымдастырушылар ағылшын тілін жетік білетін барлық азаматтарды ынтымақтастыққа шақырады.

Жобаға қатысып, жастардың білімін жетілдіруге үлесімді қосамын деген жоғары оқу орындарының студенттері немесе түлектері, кез келген мамандық иелері қатыса алады. Алайда «Шет тілі: екі шет тілі», «Шетел филологиясы», «Аударма ісі», «Халықаралық қатынастар» мамандығының студенттері мен түлектеріне басымдық беріледі. Басты талаптарының бірі - ағылшын тілі Intermediate деңгейінен кем болмауы, орыс және қазақ тілдерінде еркін сөйлей алуы. Балалармен жұмыс істеу тәжірибесі мен ерікті болуға құлшынысы жоғары адамдарды шақырады. Жобаға қатысуға мүмкіндік алған еріктілер белгілі бір уақыт аралығында сол елді мекенде өмір сүріп, оқушыларға арнайы ағылшын тілінен ұйымдастырылған қосымша сабақтарды жүргізеді.

«English for Jastar» жобасы  еліміздің 14 өңірінде іске асырылады. Жобаға қатысуға шетелден бірнеше ерікті қызығушылық білдірді.