Спорт • 01 Тамыз, 2018

«Алаш Прайдтың» алтын белбеуі елде қалды

581 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан мен Орталық Азия аумағындағы ең белді ұйым саналатын «Алаш Прайд» кәсіпқой клубының ұйымдастыруымен Алматының іргесіндегі Қапшағай қаласында ережесіз жекпе-жектен халықаралық турнир өтті. Сол жарыста мынадай нәтижелер тіркелді:   

«Алаш Прайдтың» алтын белбеуі елде қалды

1 жекпе-жек. 56,7 келі салмақ дәрежесінде өткен айқаста тәжікстандық Хуршед Назаров (2-0) қазақстандық Бақтияр Мұхамедияровты (тұсаукесер кездесу) жеңді.

2 жекпе-жек. 70,3 келі салмақ дәрежесінде өткен айқаста қазақстандық Мақсат Өміртаев (2-0) ресейлік Шәміл Әлиевті (3-1) бірінші раундта «ұшбұрын» әдісімен ұтты.

3 жекпе-жек. 83,9 келі салмақ дәрежесінде өткен айқаста қазақстандық Диар Нұрқожаев (2-0) өзбекстандық Хасан Бозорды (тұсаукесер кездесу) бірінші раундта аяғына «ауырту» әдісін қолданып жеңді.

4 жекпе-жек. 65,8 келі салмақ дәрежесінде өткен айқаста қазақстандық Уайс Тілегенов (тұсаукесер кездесу) қазақстандық Олжас Нұрқасымды (4-1) жеңді.

5 жекпе-жек. 66,2 келі салмақ дәрежесіндегі қырғызстандық Құштарбек Әмірбекұлы (5-2) мен қазақстандық Асқат Әкімов (1-0) арасындағы бәсекеде тең есеп тіркелді.

6 жекпе-жек. 61,2 келі салмақ дәрежесінде өткен айқаста өзбекстандық Мақсатжон Юсупов (6-2) қазақстандық Талғат Қалмұратовты (2-1) төрешілер шешімі бойынша ұтты.

7 жекпе-жек. 65,8 келі салмақ дәрежесінде өткен айқаста қазақстандық Темірлан Айсәділов (6-1) қырғызстандық Әкімжан Бектемірұлын бірінші раундта нокаутқа жіберді. 

8 жекпе-жек. 61,2 келі салмақ дәрежесінде өткен айқаста қазақстандық Таксим Забитов (3-0) тәжістандық Холбой Эмомалиді (2-2) үшінші раундта «қылқындыру» әдісімен ұтты.

9 жекпе-жек. 61,2 келі салмақ дәрежесінде өткен айқаста моңғолиялық Сэр-од Билгүүн (3-0) екінші раундта бәсекені жалғастырудан бас тартқаны үшін жеңіс қазақстандық Бекзат Әлмаханның (1:0) еншісіне жазылды.

10 жекпе-жек. 77,1 келі салмақ дәрежесіндегі Қазақстанның қос спортшысы – Дмитрий Кудинов (3-1) пен Сағындық Мұқанов (3-1-1) арасындағы айқас төрешілердің шешімі бойынша алғашқысының пайдасына шешілді.  

11 жекпе-жек. 65,8 келі салмақ дәрежесінде өткен айқаста қазақстандық Дәулет Отарбаев (тұсаукесер кездесу) моңғолиялық Наранцэцэга Цацралды (3-0) үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

12 жекпе-жек. 81 келі салмақ дәрежесінде К-1 нұсқасы бойынша өткен айқаста қазақстандық Ғалымжан Қанаев (5-1) тәжікстандық Олим Хаитбекті (6-1) бірінші раундта нокаутқа жіберді. Осы айқын жеңісінің арқасында Ғалымжан бауырымыз Alash Pride K-1 нұсқасының чемпиондық атағын иеленді.

13 жекпе-жек. +93 салмақ дәрежесінде өткен айқаста қазақстандық Евгений Егембердиев (7-1) өзбекстандық Мұратбек Әзімовты (1-0) бірінші раундта техникалық нокаутпен ұтып, Alash Pride ұйымының чемпиондық алтын белбеуін иеленді.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»