![Ұлағат ұясы](/article_photo/1533180043_article_b.jpeg)
Музейдің ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Абат Шыныбеков. «Өлкеміздің тарихы мен табиғатынан мол мағлұмат беретін осы мұражай өскелең ұрпақтың сүйікті орнына айнала берсін! деген тілегін жеткізіп, музей ұжымына КСРО-ның халық әртісі, жерлесіміз Хадиша Бөкееваның портретін сыйға тартты.
Жаңадан тұсауы кесілген өлкетану музейінің қорында қазірдің өзінде 2 жарым мыңнан астам жәдігер бар. Тарихтың талай-талай айтулы оқиғасы өткен шежірелі топырақтағы ұлағат ұясында Қазталов ауданының өткені мен бүгіні көрініс тапқан. Ғимарат 4 экспозициялық бөлмеден тұрады.
Музей жетекшісі Назкеш Адаялиеваның айтуынша, көпшілік көзайымына айналар жәдігерлер күнен-күнге толығу үстінде екен. Туған жері мен өскен елінің кешегісі мен бүгінгісіне бейжай қарай алмайтын көкрегі ояу ағайын үйлерінде әртүрлі себептермен осы уақытқа дейін сақталып келген құнды дүниелерді әкеліп тапсырып жатқаны өте қуанарлық жағдай. Жақсы дәстүр алдағы уақытта да жалғасын таба бергей.
Қайрат ЖАҚЫП
Батыс Қазақстан облысы,
Қазталов ауданы