«Жүз акр орман» карта-суреті – Э.Х. Шепардтың туындысы. Суретші оны 1926 жылы арнайы кітап үшін салған. Мамыр айында Sotheby’s раритетке 130 000 мен 200 000 АҚШ доллары аралығында баға қойғанын хабарлаған.
50 жыл бойы құпия болып келген карта-сурет – балалар әдебиетіндегі ең танымал иллюстрация. Кітаптың ішкі бетіне қойылған карта Винни-Пух пен достарының қызықты оқиғалары қай жерде өткенін бақылау үшін ойластырылған.
Кітапта суретті басты кейіпкерлердің бірі һәм Винни Пухтың досы Кристофер Робин салды делінген. Картаның астында «Мен салдым, мистер Шепард көмектесті» деп жазылған. Сонымен қатар картаға қоса компас ұсынылып, батыс, шығыс, оңтүстік, солтүстік деген сөздердің орнына Пухтың аты деп жазылған.
«Жүз акр орман» суреті Лондонның оңтүстігінде орналасқан Ашдаун орманының әсерімен салынған. Ең алғаш рет карта суретін 1926 жылы Шепард жеке коллекционерге сатқан екен.
Бағашар ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»