Күрес • 13 Тамыз, 2018

Шетелдік төрешілер Qazaq kuresi-нен Азия Чемпионатында төрелік ететін болады

252 реткөрсетілді

26 тамыз күні Астана қаласында өтетін қазақ күресінен Азия чемпионатында 16 спорт төрешісі жұмыс істейді.  Олардың арасында қазақстандық қана емес, шетелден келетін төрешілер бар.

Азия чемпионатында Қазақстан, Грузия, Өзбекстан, Литва, Украина төрешілері болады. Соның ішінде үш арбитр Астана, Алматы және Семей қалаларынан  шақырылып отыр.

Халықаралық дәрежедегі төреші Мақсат Ахметбековтың айтуынша Қазақстан атынан Азия чемпионатында сегіз төреші жұмыс істейді. Ал қалғаны өзге мемлекеттерден келеді.

«Мен Қарағанды облысынан келейін деп отырмын. Барынша әділ төрелік етеміз деген ойдамыз. Өзім былтыр Әлем чемпионатында бас төреші болдым. Қазақстандық төрешілердің біліктілігі жоғары деңгейде. «Қазақстан Барысында», Қазақстан чемпионатында, ірі турнирлерде төрешілік жасап жүргендердің арасынан іріктеп алдық. Ал шетелдік төрешілерге мастер класс өткізілетін болады. Оларды да сыртта өткен жарыстардан іріктеп алдық», - деді ол.

Қазақ күресінен чемпионатқа 20 мемлекеттен 80 спортшы қатысады. Жарыс 8 салмақтық дәреже және абсолюттік бойынша өтеді. 

Қазіргі таңда Азия Чемпионатына қатысуға Жапония, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолиия, Иран, Пәкістан мен Үндістан мемлекеттері өздерінің мықты деген спортшыларын дайындап отыр.

Қазақ күресінен ұлттық құраманың бас бапкері Ерлан Естек қазақстандық балуандардың дайындығы туралы айтып берді.  

«Азия чемпионатына 9 салмақ дәрежесінде балуандар қатысады. Тамыздың 12-нен 24-іне дейін Бурабай ауданындағы «Жақсы» спорт кешенінде оқу-жаттығу жиынында балалар тыңғылықты дайындалады. 25 тамыз күні Астанада салмақ өлшеу рәсімі өтеді. 26-сы күреседі. Балуандардың дайындығы өте жақсы. Дайындықтың бірінші кезеңін Шымкент қаласында, екінші кезеңін Грузия мемлекетінде өткіздік. Үшінші кезең енді басталады», - деп сөзін түйіндеді ол.

Азия Чемпионаты Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, Самрұқ Қазына әл ауқат қоры, ERG Еуразиялық тобының қолдауымен жүзеге асуда. Ұйымдастырушылары “Халықаралық қазақ күресі федерациясы” ЗТБ.

Айта кетсек, Қазақ күресі (Qazaq kuresi) ұлттық спорт түрі ғана емес, ол ЮНЕСКО-ның  материалды емес мұралар тізіміне кіреді. Былтыр Халықаралық  Qazaq kuresi федерациясы құрылып, ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев федерация Президенті болып сайланды. Жыл сайын осы спорт түрінен бірнеше халықаралық және республикалық жарыстар өтеді. Соның бірі 2017 жылы өткен Әлем чемпионатына 40 елден 160 балуан қатысты.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Cафлор көлемі артып келеді

Аймақтар • Бүгін, 15:30

Жаны қазақ Виктория

Қоғам • Бүгін, 12:08

Қандастарға қамқорлық

Аймақтар • Бүгін, 10:00

Қытай айнасының құпиясы

Аймақтар • Бүгін, 09:55

Өнер қонған өлке

Аймақтар • Бүгін, 09:48

Музей жаңа залдармен толықты

Руханият • Бүгін, 09:20

Тасқа қашалған жыр

Аймақтар • Бүгін, 09:04

Инфляция ырыққа көне ме?

Экономика • Бүгін, 08:58

Ұқсас жаңалықтар