Медицина • 14 Тамыз, 2018

Зейнетақымен қамсыздандыру заманға икемді ме?

215 реткөрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында әлем үдерісімен бірге еліміз де технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келе жатқанын атап өтті. Президент өз сөзінде «Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды түбегейлі өзгертуде» деген болатын. Мемлекет басшысы осыған орай бірқатар құзыретті органдарға тапсырмалар жүктеді. Аталған міндеттер өз кезегінде әр салада біртіндеп жүзеге асып келеді. Соның ішінде зейнетақы жүйесінің оңтайландырылуында оң істер баршылық.

Қашықтықтан және көзбе-көз қызмет көрсетеді

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ағымдағы жылдың 1 шіл­десінен бастап салымшыға шот ашудан бас­тап, зейнетақы төлем­дерін алуға дейінгі негізгі қыз­мет­терді элек­тронды формат­та көрсету мүм­кіндігіне ие болды. Сон­дай-ақ қазіргі уақыт­та зейнетақы жинақ­тарын өмірді сақтандыру бойынша ком­панияларға аудару және ерікті жарналар бойынша төлем­дер алу секілді онлайн-сервистер әзірленіп жатыр. Алайда әзір­ге электронды сер­вистер қатарына ше­телге тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер, жерлеуге және мұра­герлерге берілетін төлемдер осы қызметтер бо­йынша құжаттар ұсыну­дың ерекшелігіне байланысты енгізілмей отыр. 

Аталған мәселелерді қор қызметінің жарты жылдық қорытындысы бойынша өткен мәслихатта қордың бас­қар­ма төрайымы Н.Наурызбаева мәлімдеген болатын. Оның айтуын­ша, алдағы уақытта электронды цифрлы қолтаң­баға ие бола отырып, қор сай­­тының «Электронды қызмет көр­сету» бөлімінде жеке зей­нетақы шотын ашу­ жөнінде өтініш беруге, же­ке зей­нетақы шотынан үзін­ді-көшірме алуға, жеке дерек­­темелерге өзгерістер енгізу­ге, интернет хабарлан­дыруды таңдай отырып ақ­парат алу тәсілін өзгертуге, зейнетақы төлемдерін та­ғайын­дау жөнінде өтініш жолдап, оның орындалу барысын қадағалауға бо­лады. 

«Одан бөлек ағымдағы жыл­­дың алғашқы жартысында жаңа «Жеке зейнетақы шо­­тын ашу жөніндегі өтініш­­­тің көшірме-нұсқасын алу» электронды қызметі, сон­дай-ақ «Ерікті зейнетақы жарналары есе­бінен өз пайдасына шарт жасасу» сервисі әзірленіп іске қосылған. Со­ны­мен қатар Бірыңғай жинақ­таушы зейнетақы қоры 2018 жылдың мамырында танымал Telegram мессенджері үшін өзінің ботын қолданысқа енгізді. Пайдаланушылар жаңа қыз­­­меттің көмегімен қыс­қа үзінді-кө­шір­ме алу немесе үзінді-көшірмені элек­­тронды поштасына жібе­ру, жеке ка­бинетке кіру, құпия сөзін қайта қа­лпына кел­тіру, қордың маңызды жаңа­лықтары және ағымдағы көр­­сеткіштерімен танысу, сон­дай-ақ оның ең жақын бөлімшесін табу мүм­кінді­гіне ие болады», дейді Н.Наурызбаева. 

Жоғарыда аталған жиында сөз болғандай, 2018 жылдың алғашқы жартысында электронды арналар арқылы 7,5 млн қызмет көрсетілген. Бұл есептік кезеңде көрсетілген қыз­меттердің жалпы көлемінің 72 про­центін құрайды. Осы ретте қор кең­селерінде және көшпелі қызмет көр­сету барысында 2,9 млн операция орын­далғандығын да айта кеткеніміз жөн.

Жалпы, электронды сер­висті енгі­зу және дамыту қор қызметін жаңа дең­гейге көтеруге мүмкіндік береді. Бүгінде еліміздегі қор қызметінің басым бөлігі қа­шықтықтан көрсетіледі. Қызмет көрсету сапасының жоғары дең­гейде екендігін халықаралық сарап­шылар да растап отыр. Биыл нау­рыз айында «БЖЗҚ» АҚ сапа менеджменті жүйесі бо­йынша серти­фикациялық аудиттен сәтті өтті. Аудит­ті ал­дыңғы қа­­­­тарлы еуропа­лық ком­пания­лар­дың халық­аралық аудиторлары жүргізді. 

3 ай ішінде 75 сапарға шықты

Зейнетақымен қамсыздан­дыру елімізде тұратын барлық азаматтарға, шетел­діктер мен азаматтығы жоқ адам­дарға, олардың ішінде шал­ғай­да орналасқан кішігірім елді­ ме­кендердің тұрғындарына да қа­тысты. Осыған байланыс­ты шалғайда орна­ласқан елді мекендерде, сондай-ақ қор бөлімшелері жоқ аудандарда зейнетақы қызметтерінің қол­жетім­ді­лігін қамтамасыз ету мақ­сатында «Мобильді кеңсе» жобасы іске қосыл­ды. Аталған жоба соңғы үш ай ішінде 75 рет жолға шықса, соң­ғы алты айда  3,9 мың көшпелі шара ұйымдастырып, 93,4 мың операцияны жүзеге асыр­ды. 

Бұл туралы «БЗЖҚ» бас­қарма төрайы­мының орынбасары С.Егеу­баева халыққа кеңінен түсіндірген болатын. Бүгінде «Мобильді кеңсе» жобасы Алматы, Атырау және Қостанай облысында жүзеге асырылып жатыр. «Мо­бильді кеңсе» жобасын ағымдағы жылы Шығыс Қа­зақстан, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында іске қосу бойынша ұйымдастыру жұмыстары жүргізілу үстінде. Ал келесі жылы жобаны қордың Қа­рағанды, Қызылорда, Ақтөбе, Ақмола, Жамбыл, Павлодар және Солтүстік Қазақстан об­лыстық филиалдарында  жүзеге асыру жұ­мыстары жан­­данбақ.    

 «Осы сапарлар барысында қор қызметкерлері 5,1 мыңнан астам адам­ға қызмет көрсетіп, 6,3 мыңнан астам операцияны орындады. Сонымен қатар көшпелі қызмет көрсету барысында 2,3 мыңнан астам жергілікті тұрғынға ақыл-кеңес берілді», дейді төрайым орынбасары.  

 Бұдан басқа, «БЖЗҚ» АҚ зейнет­ақы қызметтерінің қолжетімділігін арттыру­ мақ­­сатында «Бірыңғай жинақ­­­таушы зейнетақы қоры» акцио­нерлік қоға­мы мен «Қазпошта» акцио­нер­лік қоғамы арасында ын­тымақтастық және шаралар жоспары туралы Ме­морандумға қол қойғандығын айта кеткеніміз жөн. Жалпы, жыл соңына дейін респуб­лика өңірлерін зейнетақы қыз­меттерімен қамту көрсет­кіші 11 процентке ұлғаймақ. 

Зейнетақыны жоспарлауға көмектесті

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап жеке және корпоративтік зейнетақы калькуляторын қолдана отырып, салым­шыларға болашақ зейнет­ақыны жоспарлау бойынша ақыл-кеңес беріп келеді. Айталық, үш ай ішінде зей­нет­ақыны жоспарлау мәселелері бойынша келу­ші­лермен 118 517 кеңес өткі­зілді. Қордың бас­пасөз қызметінің мәлімдеуінше, ақыл-кеңестердің басым бөлігін Ал­маты қаласының тұрғындары мен қонақ­тары алған. Оларға 18 270 консультация берілсе, Түркістан және Павлодар облыстарында сәйкесінше 16 011 және 7 881 азаматқа ақыл-кеңес берілді.     

Осындай шаралар барысында негі­зінен, салымшыларды зейнет­ке шығу мерзімі, жарналарды өз бетінше төлеу мүмкіндігі, инвес­тициялық табыс, зейнетақы жинақ­тарының сақталуына мемлекет тара­пынан берілетін кепілдік, зейнет­ақы мөлшері және оны көбейту жол­дары жайындағы мәселелер маза­лайтындығы анықталған.

Байқағанымыздай, БЖЗҚ-ның түрлі қызметтері елдің игілігі мен икем­ділігіне негізделіп жасалып отыр. Тек қолайлы тетіктерді тез мең­геріп кету жеткілікті. Осы орайда ағымдағы жылда зейнетақы түсімдерінің сомасы өсіп жатқандығын да айта кеткен абзал. Жыл басынан бері зейнетақы түсімі 407,5 млрд теңгені құрап, өт­кен жылдың сәйкес кезеңімен салыс­тырғанда 11 процентке көбей­ген.

Мирас АСАН,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Cафлор көлемі артып келеді

Аймақтар • Бүгін, 15:30

Жаны қазақ Виктория

Қоғам • Бүгін, 12:08

Қандастарға қамқорлық

Аймақтар • Бүгін, 10:00

Қытай айнасының құпиясы

Аймақтар • Бүгін, 09:55

Өнер қонған өлке

Аймақтар • Бүгін, 09:48

Музей жаңа залдармен толықты

Руханият • Бүгін, 09:20

Тасқа қашалған жыр

Аймақтар • Бүгін, 09:04

Инфляция ырыққа көне ме?

Экономика • Бүгін, 08:58

Ұқсас жаңалықтар