Әлем • 14 Тамыз, 2018

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі ауысуы мүмкін

173 реткөрсетілді

АҚШ президенті Дональд Трамп дүйсенбі күні өз әкімшілігіндегі тірек лауазымдарға жаңа қызметкерлер келетіні туралы мәлімдеді. Соның ішінде АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі қызметіне Уильям Мозердің кандидатурасы ұсынылды. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі хабарлады. 

Елші Мозер Қазақстанмен жақсы таныс. Бұған дейін ол АҚШ-тың Алматыдағы дипломатиялық миссиясында энергетика және экономика мәселелері жөніндегі атташе ретінде жұмыс істеген. Мозер дипломатиялық қызметтегі карьерасын 1984 жылы бастаған. АҚШ-тың Украинадағы, Қазақстандағы, Египеттегі, Суринамдағы, Малидегі және Молдовадағы елшіліктерінде қызмет атқарған. Соңғы жылдары Мозер мемлекеттік департамент басқармасы бастығының бірінші орынбасары лауазымында АҚШ-тың бүкіл әлемдегі дипломатиялық өкілдіктері ғимараттарын салу және пайдалану жөніндегі жұмыстарды істеген. Америкалық дипломат Солтүстік Каролина штатында туған, жергілікті университетте білім алған. Ол орыс, неміс, француз тілдерін біледі.

Елші кандидатурасы ұсынылған соң оны АҚШ Сенаты бекітуі қажет.

Қазіргі кезде Қазақстандағы Америка Құрама Штаттарының Елшісі қызметін Джордж А. Крол атқаруда. Джордж Крол бұл лауазымға 2015 жылы 8 қаңтарда тағайындалған болатын. 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Сырттанов туралы сыр

Руханият • Кеше

«Шаңырақтың» шапағаты

Руханият • Кеше

Тағылымы мол кездесу

Аймақтар • Кеше

Аграрлық банк құрылса...

Экономика • Кеше

Ұқсас жаңалықтар