Аймақтар • 14 Тамыз, 2018

Курчатовта төрт жолақты бассейн салынады

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Курчатов қаласында демеушілердің көмегімен бассейн салынады. 

Курчатовта төрт жолақты бассейн салынады

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жобаға өңірдегі ірі кәсіпорын «Қазцинк» компаниясы мен Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық қомақты қаржы бөліпті. Ұлттық ядролық орталық директоры Эрлан Батырбеков пен Курчатов қаласының әкімі Алмас Оңдақанов екі жақты меморандумға қол қойыпты.

Қала әкімінің орынбасары Руслан Әбдірахмановтың айтуынша, бассейн құрылысына «Қазцинк» компаниясы 45, Ұлттық ядролық орталық 29 миллион теңге қаржы аударыпты. Ал Курчатов қаласының әкімдігі фильтрлік құрылғыларды орнатуға 19 миллион теңге көлемінде қаржы бөліпті.

«Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында қолға алынған аумағы 600 шаршы метр болатын, ұзындығы 25, енді 16 метрлік төрт жолақты жабық бассейн құрылысы маусым айында басталып кетті. Бассейн ғимаратында жуыну, киім ауыстыру бөлмелері, әкімшілік зал секілді орындар қарастырылған. Курчатов тұрғындарына аса қажет нысанды жыл аяғына дейін ашуды жоспарлап отырмыз», - дейді ол.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы,

Курчатов қаласы