Сол себепті, Ақтау қаласында өткен мемлекеттер басшыларының кездесуі таза салтанатты рәсім сипатында өтті десек артық айтқандық болмас. Мұнда Бесінші Ақтау саммитінде қабылданған құжат ешқандай қосымша толықтыруларсыз, бірауыздан мақұлданды.
Кездесу барысында сөз алған мемлекеттер басшылары осыған дейін ұстанып келген бағыттарын сақтайтындарын жеткізді. Айтылған ұсыныстарды сараптай келе, «каспийлік мәселелер» бойынша бес елдің конструктивті ынтымақтастықты қолдайтынын байқауға болады.
Оның үстіне, халықаралық құжатқа Қазақстан жерінде қол қойылғаны имидждік тұрғыдан өте маңызды болып отыр.
Сондай-ақ біз үшін Конвенция теңіздің статус-квосын бекіткенімен де маңызды. Яғни Каспийдегі біздің үлес саналатын бөлігі бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен теңіз қойнауын игеруге байланысты бесжақты заңды келісімге қол жеткіздік.
Қалай болғанда да, саммиттің басты қорытындысы Каспийдегі ұжымдық ойын ережесінің негізі бес елдің мөрімен бекітілгендігі болып отыр.
Оразғали СЕЛТЕЕВ,
саясаттанушы