Қазақстан • 15 Тамыз, 2018

Алматыда жазғы жастар лагері ашылды

351 реткөрсетілді

Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, дамыту және Алматы қаласында еріктілер қозғалысын жандандыру мақсатында «Лесная сказка» тау шипажайы-қонақүйі базасында «Туған жер» деп аталатын жазғы жастар лагері өз жұмысын бастады.

Жобаның басты мақсаты – білімді әрі белсенді жастардың шығармашылық әлеуетін шыңдау. Олардың мәдени және кәсіби қабілетін арттырып, жеке тұлға ретінде қалыптасуына барынша жағдай жасау. «Туған жер» жазғы жастар лагері осы шараға қатысушылар үшін қызықты өмірлік тәжірибе алуына және әр азаматтың жаңа қырынан танылуына септігін тигізетін бірегей мүмкіндік. 

Бұл күндері Алматы облысы, Талғар ауданының Бесқайнар ауылындағы шипажайда жиналған 16-35 жас аралығындағы 150 азамат Алатаудың бөктеріндегі әсем табиғат аясында өз уақыттарын мәнді әрі мағыналы, қызықты әрі тиімді етіп өткізуде. Белсенді жастар түрлі салада жемісті еңбек етіп, еліміздің елеулі тұлғаларына айналған өз замандастарымен кездесіп, түрлі тақырыпта пікір алмасуда. Сонымен қатар оларды алдағы күндері түрлі шеберлік сабақтары мен тренингтер, футбол және волейбол бәсекелері, КВН сайысы, зияткерлік «брэйн-рингтер», мафия ойындары және тағы басқа спорттық және шығармашылық жарыстар күтуде.

– Алматы тұрғындарының тең жартысына жуығын 16-35 жас аралы­ғын­дағы азаматтардың құрайтыны жасырын емес. Біз жалынды, дарынды, ақылды, білімді, қабілетті, креативті жастардың әлеуе­тін арттырып, жан-жақты дамуына ба­рыншы жағдай жасауды көздеп отыр­мыз. Осы жоспарды жүзеге асыру үшін олардың басын қосатын ортақ алаң қа­жет болды. Бұл идеяны Алматы қаласы­ның әкімдігі толықтай қолдады. Түрлі ұйым­дар мен компаниялар да игі істен сырт қалған жоқ. Осылайша, Алатау бөк­терінің ең көрікті жерлерінің бірінде орна­ласқан шипажайда «Туған жер» жас­тар лагері құрылды. Ол жерде жастар өза­ра ой бөлісіп, пікір алмасады. Түрлі идея­лар туындап, соларды жүзеге асыру­дың жолдары қарастырылады. Бұл жо­ба­ның тиімді жақтары өте көп. Былтыр сол жер­де жастар лагерінің алғашқы жиыны өтсе, биыл тағы да басқосып отыр­мыз, – дейді Жастар қоғамдық қоры­ның атқа­рушы директоры Біржан Қазтұр­ғанов. 

18 тамызға дейін созылатын айтулы шара бағдарламасында жастардың белсенді демалысынан бөлек, еліміздің та­нымал қайраткерлері мен кәсіпкерлері, ак­­тер­лер мен әншілер және спортшы­лар қауымымен кездесулер ұйымдасты­ры­луда. 

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Спартакиада мәреге жетті

Аймақтар • Бүгін, 15:25

Құмырсқа пәлсапасы

Қоғам • Бүгін, 09:48

Табысқа жетуге талпындырды

Қоғам • Бүгін, 09:23

Ұлттық комитет мүшелері бас қосты

Қазақстан • Бүгін, 09:17

Тиімділікті арттыратын құжат

Қазақстан • Бүгін, 09:15

Жеті балуан ТОП-20 қатарында

Спорт • Бүгін, 09:12

Өнер бәйгесінің жаңа жұлдызы

Руханият • Бүгін, 09:06

Бөдене саңғырығы – биоотын

Аймақтар • Бүгін, 09:04

Шатарбай әулетінің шеберлері

Руханият • Бүгін, 09:02

Қаймағы бұзылмаған қазына

Руханият • Бүгін, 08:56

Түлкі өзені бір тазарып қалды

Аймақтар • Бүгін, 08:52

Арал қайта оралады

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Мәрмәр етін өндіретін кешен

Экономика • Бүгін, 08:46

Түркінің түп негізі – қазақ

Руханият • Бүгін, 08:36

Сабақтастық стратегиясын саралау

Қазақстан • Бүгін, 08:30

Химиялық қалдықтардан қатер көп

Экология • Бүгін, 08:25

Ұқсас жаңалықтар